Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: мемлекет халқына тегін баспана беруге міндетті емес

ҚР Президенті Қазақстанда баспаналы болудың бірнеше жолын айтты. Ол БАҚ өкілдерімен кездескенде тұрғын үйге қатысы бірнеше сұрақтарға жауап берді.

Оның айтуынша, Қазақстанда ғана емес барлық мемлекетте тұрғын үй жетіспеушілік мәселесі бар.

“Халықтың барлығы қалада тұрмайды. Қазақстан халқының 40 пайызы ауылдық жерде тұрады. Оның 20 пайызы жұмыс істейді. Олар қалада жүр”, -деді президент.

Сонымен қоса, ол баспаналы болудың бірнеше жолын айтты.

“Бізде “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” бар: баспананың 50 пайыз ақшасын жинаса, қалғанын банк несиеге береді. Ол өзіне үй сатып алып, банк берген несиені қайтарады. Одан кейін, біз жергілікті атқарушы органдарға “халыққа үй салып бер, несиеге бер” деп арнайы қаржы бөлеміз. Ол ай сайынға жалға алу ақысын төлеп баспаналы бола алады. Мүгедектер мен соғыс ардагерлеріне жеңілдік ретінде баспананы төлемсіз жалға береді. Бұдан өзге жеке баспана тұрғызуға да болады”, – деді ол.

Президент баспаналы болу үшін жұмыс істеу керектігін айтты.

“Егер сен ешқайда жұмыс істемесең, үйде отырып, баспана өздігінен келеді деп ойлауға болмайды. Ондай жоқ. Қазіргі нарықтың талаптары бойынша мемлекет ешкімге тегін үй беруге міндетті емес. Мемлекеттің мүмкіндігі жоқ. Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға баспананың пайыздық мөлшерлемесін айзайтып көмектесуге болады”, – дейді президент.

Оның ойынша, жұсмыс істейтін қазақстандықтардың баспана сатып алуға мол мүмкіндіктері бар. Ол үшін мемлекет адамдарға жұмыс беру керек.

“Адам жұмыс істеп, ақша табуға міндетті. Егер ол біздің талаптарымызға және өнеркәсіптік экономика талаптарына сай жұмыс істесе, оның баспаналы болып, несие төлеуге мүмкіндігі мол болады”, – деді ол.

Тағы оқыңыз:

Полицейлер жұмыс арасында құстар сайрап тұрған бөлмеде, арнайы кереуетте ұйықтап алатын болды

Назарбаев Фурманов көшесінің атауы туралы: мұның барлығы бос әурешілік

Қазақстандағы ең көп пара алатын мемлекеттік органдар белгілі болды

Желіде жоғары сот басшысының сот қызметкерлеріне жазған хаты тарап кетті

Талқылау