Алматыда мүгедек жандар қоғамдық көліктен көрген қорлықтарын айтып шағымданды

Қоғамдық көліктің қорлығы. Алматыда автобуспен қатынай алмай қиналып жүрген мүмкіндігі шеутеулі жандар бүгін бас көтерді. Олар қаладағы бір де бір қоғамдық көлікте аялдаманың аты жазылған жүгіртпе немесе дыбысты хабарлама жоқ деп ашынады. Бұл әсіресе саңыраулар мен көзі нашар көретіндер үшін қиын екен. Ал арбаға таңылғандардың мәселесі тіптен ушығып тұр, деп хабарлады КТК.

Құқығымыз аяқ асты болды деп ашынған алматылық мүмкіндігі шектеулі жандар бүгін бас қосты. Олар қоғамдық көлікте жарымжан жандарға ешқандай жағдай жасалмағанына наразы. Қаладағы бір де бір автобуста не аялдама аты жазылған жүгіртпе жол не дыбысты хабарлама жоқ екен. Мысалы есту қабілеті нашар Виталий автобуспен қатынаудан қалдым дейді. Жолаушы толы көлікте терезеге жаутаңдап жүріп құлап қолын сындырып алыпты. Сол сияқты көзі көрмейтіндер үшін де қоғамдық көлік бүгінде қолайсыз болып тұр. Ақша жинап, билет тексерумен басы қатқан кондуктор аялдамаларды хабарлауға мұршасы келмейді екен.

Арбаға тағылғандардың мәселесі тіптен қиын. Мария Тарасованың метроға кіре алмай Жібек Жолы бекетінде тұрғанына он минуттан асты. Жер асты жолымен қатынау үшін оған арнайы адам керек. Метрополитенде ондай 45 қызметкер бар екен. Бірақ мүгедектің жағдайын көбісі түсіне бермейтін сияқты. Ереже бойынша отыз минутта жетуі тиіс келесі бекетке, бойжеткенді бір сағаттан астам сүйреді. Машақаты көп метроға айына ары кетсе 15 арбаға таңылған жан отырады екен.

«Біз де қоғамның бір мүшесіміз. Мені қынжылтатыны қоғамдық көліктегі жағдай. Барлық мүмкіндігі бар метроның өзінде осылай жасайды. Автобуста мүлдем қиын. Таңғы уақытта адам лық толған кезде мүгедек тұрмақ сау адам отыра алмайды. Оны білесіздер. Сол үшін біз сияқты жандарға да қолайлы етіп, осыны ретке келтірсе екен дейміз» – дейді Мария Тарасова.

Алматы әкімі былтыр жазда бұл мәселені шешеміз деп қарамағындағыларға тапсырма да берген. Бірақ жарты жыл өтсе де қоғамдық көліктегі жағдай оңалатын емес. 45 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан тұратын шахарда инватакси барлығына бірдей үлгере бермейді. Алдын ала тапсырыс беріп ұзақ күтесің. Сондықтан тағдыр тауқыметін тартқан жандар өз беттерінше   амалын тауып, діттеген жерлеріне жетеді.

Жіберіп алмаңыз:

Енді елімізде мектеп оқушылары заңды түрде ақша таба алады

Атыраулық ақсақал есеп беруге келген әкімге өлеңдетіп ерекше бата берді (видео)

Сапарбаев: Жігіттер әке-шешесінің зейнетақысына, әйелінің жәрдемақысына өмір сүріп жүр

Жесір әйелді жасырын жыныстық қатынасқа шақырған діндар оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Оғыз Доған: Өзім түрік болсам да, қазақ қыздарының түріксымақтарға тұрмысқа шығуына қарсымын

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар