Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көз жұмған егіздердің анасы: Мен балаларымды жақсы көрдім

Алматы қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта егіздер өлімі бойынша іс қаралып жатыр.

Сотталушылар – қаза болған сәбилердің ата-анасы: 29 жастағы Өзбекстан азаматы Эмиль Гильмутдинов пен 34 жастағы Алла Волченко. Оларға “Кісі өлтіру” және “Қауіп-қатерде қалдыру” баптары бойынша айып тағылған, деп хабарлады Sputnik.

Алла Волченко сотта ата-ана құқығынан айырмауды сұрап, екі жасар Равильдің анасына деген сезімін анықтау үшін психологиялық сараптама жүргізуді сұрады. Естеріңізге сала кетсек, ата-анасы Равильді далаға тастаған болатын.

“Әрі қарай мені ата-ана құқығынан айырмау туралы өтініш бергім келеді, ұлым мен басқа балаларымды да жақсы көрдім”, — дейді ол.

Жасқа толмаған егіздердің мәйіті қыркүйек айында жалдамалы пәтерлердің бірінде тоңазытқыштан табылды. Олардың өліміне балалардың анасымен бірге тұратын ер адам айыпталған. Ер адам балалардың әкесі екенін мәлімдеді. Егіздердің ата-анасы олардың денесі табылғаннан кейін келесі күні ұсталды.

Әкесі сәбилерді ұйықтауға мұрша бермеген соң өлтірдім деп жауап берді.

Тағы да оқыңыз:

Бостандықта нәпақа таба алмаған ақтөбелік әйел түрмеге қайта отыру үшін бомба туралы жалған айтқан

Өзіне қол жұмсамақ болған қыздың қалтасынан елбасыға жазылған хат табылды

Жамбыл облысында үшем дүниеге келді

STAN.KZ
Жұма, 15 Желтоқсан, 2017 11:02
Талқылау