Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қатарластарын жаппай улаған оқушы жазаланбайтын болды

Ойнаймын деп от баса жаздаған 7 сынып оқушысы үзілісте бұрышты газ толы құтыны ауаға шашқан екен. Сол сәтте дәлізде тұрған балалардың көзі жасаурап, қақалып, тұншыққан, деп хабарлайды КТК.

Мамандар оқушылардың нақты қандай газдан уланғанын анықтай алған жоқ. Полицейлер де мұның бұрышты газ баллоны екенін айтып оның жарылғанын жоққа шығарды.

Оқушыларды өзі баллоннын үзіліс кезінде жарылғанын айтқан. Сол аралықта оқушылар өзін нашар сезініп, есінен танып құлай бастаған. Медбикелер 37 оқушыға көмек көрсетті. Дәрігерлер оқушылардың әлі де бақылауда болатынын айтты. Қазір денсаулығы қалыпты.

«Біз оқушыларға белгісіз газдан уланған деген диагноз қойдық. Оның қандай газ екенін  полицейлер анықтайды. Өйткені өзге оқушыларда да осындай белгілер болған», – дейді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсел Бисинбаева.

Полицейлер кейіннен бұрышты газ баллонын 7-сынып оқушысы әкелгенін анықтады. Алайда оны қайдан алғаны белгісіз. Оқушы жауапқа тартылмайтын болды. Бұл Алматы мектептерінде болған екінші жағдай.

Тағы да оқыңыз:

Модель денесіне киімнің суретін салып жалаңаш күйінде дүкенге барды

WhatsApp-та өшірілген хаттарды қайта оқу қызметі қосылды

Мас күйінде нәрестесін емізген әйелдің баласы шетінеп кетті

Талқылау