Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда банк тонағандар екі айға қамалды

Алматыда банк тонағандар екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды,-Stan.kz.

банк

«Альфа-банкті» тонау бойынша күдіктілерге қатысты екі айға бұлтартпау шарасы тағайындалды», – делінген Бостандық ауданының прокуратурасы таратқан ақпаратта.

Қазіргі таңда күдікті деп танылған екі адам екі айға қамауға алынды. Еске салайық, 27 маусым күні кешкісін «Арай» тұрғын үйінде орналасқан банк ғимараты тоналған еді. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 191-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлағандай, жедел іздестіру жұмыстары нəтижесінде телефон қоңыраулары тексеріле келе 2 адам күдікті ретінде ұсталды. Олардың бірі – банк қызметкері, яғни күзетші болып шықты.

Оқи отырыңыз:

Бауыржан Байбек алғаш рет айдай сұлу келіншегін ел алдына алып шықты

Димашқа еліктеп ән айтып жүрген жанкүйерлер кімдер? (видео)

Жоғалып кетіп Шымкенттен табылған студент жігіт не болғанын есіне түсіре алмауда

Талқылау