Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда бағдаршамға қарамай өткен мопед жүргізушісі ауыр халде жатыр

Алматы қаласының Торайғыров пен Мұстафин көшелерінің қиылысында ауыр жол апаты болды.

IMG-20170729-WA0007

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

Торайғыров көшесімен шығысқа бағыт алған Субару көлігі солға, яғни Мұстафин көшесіне қарай бұрылғалы тұрған. Осы кезде Торайғыров көшесімен тік келе жатқан мопед Субаруды бүйірден соққан.

IMG-20170729-WA0010

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, мопед бағдаршамның қызыл түсіне қарамай өтіп кеткен. Соққы нәтижесінде мопед жүргізуші ауыр жарақат алды. Жедел жәрдем оны құлағы мен мұрнынан қан аққан күйінше өте ауыр халде алып кетті. Ал субару көлігінің жүргізушісінің денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Әзірге жол апатының мән-жайын полиция тексеріп жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Өртке кешігіп жеткен құтқарушылар кептеліске түсіп қалдық деп ақталды

Ұшақ апатында қаза тапқан жігіттің сүйегін мәйітхана туыстарына бермей отыр

Кінәсі дәлелденбеген қостанайлық дәрігерлер ақталып шықты

Дәрігерлер: Иттен жұғатын аурулар мүгедектіктен адам өліміне дейін апаруы мүмкін

Талқылау