Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кінәсі дәлелденбеген қостанайлық дәрігерлер ақталып шықты

Қостанай қалалық ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі Марал Әбілқасымов пен дәрігер Роман Лавриненко кәсіби міндеттерін дұрыс орындамады деген айып бойынша өз кінәсіздіктерін дәлелдеді.

2533435

Дәрігерлердің емдеу сапасына шағымды сотқа стационарда 2012 жылғы қыркүйекте емделген науқас түсірген, деп хабарлайды Sputnik.

Оның пікірінше, аяқ сынығын емдеу кезіндегі Әбілқасымов пен Лавриненконың әрекеттері асқынуға әкеліп соқтырып, мүгедектікке әкелген.

Алайда сотта, науқастың проблемалары оған Илизаров аппаратын қойған кезінде инфекция жұқтыруы мен оның остеомиелитке әкеліп соқтырғаны анықталды.

Сондықтан Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінде хабарлағандай, “жүргізілген емдеудің тікелей себепті байланысы жоқ”.

Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен Марал Әбілқасымов пен Роман Лавриненко кінәсіз деп танылып, қылмыстық құқықбұзушылық дәлелденбегендіктен ақталды.

Тағы да оқыңыз: 

Дәрігерлер: Иттен жұғатын аурулар мүгедектіктен адам өліміне дейін апаруы мүмкін

Талғар қаласындағы мейрамханада құрттап кеткен котлет берген (фото)

Қарағандыда өлі күйінде табылған жігіттің анасы оқиғаға полицейлерді кінәлайды (фото)

Алматы облысында болған ұшақ апатының бастапқы себебі анықталды

Талқылау