Алматы облысында болған ұшақ апатының бастапқы себебі анықталды

Жұма, 28 Шілде , 2017 17:27

“Әуе көлiгi жүрісі немесе оны пайдалану қауіпсіздігін бұзу екі және оданда көп адамның өліміне әкеп соғуы” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

2874904

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Як-12 ұшағының апатына әуе көлігінің жер бетіне соғылуы себеп болуы мүмкін, деп хабарлады инвестиция және даму министрлігінің көлік апатын тергеу бойынша департаменті директоры Жәнібек Тайжанов.

Еске сала кетсек, 27 шілдеде Алматы облысы Панфилов ауданы Шолақай ауылында ЯК-12 ұшағы құлап, жанып кеткен. Ұшақтың ішінде болған 2 адам қаза тапты: 1963 жылы туған ұшқыш Хамит Ақбергенов пен 1978 жылы туған “Аршидинов” шаруашылық қожалығының басшысы Мәсімжан Мәсімов.

Ұшақ авиахимиялық жұмыстарды жүргізіп жүрген.

Оқиғаны тергеу бойынша комиссия құрылып, апат болған жерге аттанып кетті. Нәтижесі кейінірек хабарланады.

ҚР ҚК 344-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бастапқы тергеу амалдары жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: 

Дәрігерлер: Иттен жұғатын аурулар мүгедектіктен адам өліміне дейін апаруы мүмкін

Талғар қаласындағы мейрамханада құрттап кеткен котлет берген (фото)

Оралда жезөкшелер өш алу үшін өзімен жақындасқан полицейдің суретін жариялады (фото+18)

Қарағандыда өлі күйінде табылған жігіттің анасы оқиғаға полицейлерді кінәлайды (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар