Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда автобус апатынан жапа шеккендерге көмек көрсетілмей жатыр

Алматыда автобустың қатысуымен болған ірі жол апатынан зардап шеккендер өтемақысыз қалуы мүмкін. Өйткені бүлінген көліктерді кімнің қалпына келтіріп беретіні әлі күнге белгісіз, деп хабарлайды КТК арнасы.

2495167

Тіпті барлығына көмек көрсетеміз деген автопарк басшылығы да әзірге үнсіз. Ал бір ажалдан аман қалған азаматтар дәрігерлерге ақылы түрде қаралуға мәжбүр. Себебі жол апатынан кейін ауруханаға түскен 5 науқас кейін үйлеріне жіберілген болатын. Бірақ кейбірінің денсаулығы бүгін қайта сыр бере бастапты.

Еске салсақ, жантүршігерлік жол апаты кеше Алтынсарин көшесінің бойында болған. 124-бағыттағы автобустың аяқасты тежегіші істен шығып, жеті көлікті жапырып өткен. Апаттан бес адам зардап шекті.

“Апат кезінде көлікте анам, әжем және қызым болған. Шешем әлі де аурухана жағалап жүр. Дәрігерлер бір-біріне сілтейді. Кейбірінде ұзын-сонар кезек. Сондықтан ақылы түрде ем қабылдауға мәжбүрміз. Ал кішкентай қызымның басы жарылған. Түнімен ұйықтамай шықты”, – дейді жәбірленуші Дмитрий Омаров.

Тағы да оқыңыз:

Былықтың беті ашылды: «Самұрық-Қазынада» тендердің бәрін жалғыз кәсіпкер ұтып отырған

Алматыда танымал кәсіпкердің ұсталуына қатысты жаңа деректер шықты

Тек нан жеп, су ішем: ОҚО-да оқушы қыз өгей анасының ұратынын айтты

Талқылау