Алматыда «Әділ Қытай» қылмыстық ұйымына қатысты алғашқы сот басталды

Алматыда «Әділ Қытай» қылмыстық ұйымына қатысты алғашқы сот басталды. Топ құрамындағы 12 адам тапсырыспен  адам өлтіріп, кәсіпкерлерден ақша бопсалап, тонаумен айналысқан деп айыпталуда. Тергеу барысында 500-ге жуық куәгердаен жауап алынған, деп хабарлады КТК арнасы.

Сот отырысында 1 жарым сағатқа жуық сөйлеген мемлекеттік айыптаушы талайды қан қақсатқандардың бар былығын әшкереледі. Тіпті, 153 томнан тұратын істе 500-ге жуық куәгер тартылған екен.

Айыптауда көрсетілгендей, Әділжан Зайнаудин 2006 жылы ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, тапсырыспен  адам өлтіріп, кәсіпкерлерден ақша бопсалап, тонаумен де айналысқан.

Айта кетейік, «Әділ Қытай» атымен белгілі қылмыс әлемінің мүшелері өткен жылдың мамыр айында тұтқындалған болатын. Тіпті, олардың ісіне көз жұма қарап, қылмысын жасырып келген полиция полковнигі Бақыт Қасабеков те құрыққа ілінді. Кінәсі дәлелденген ол, былтыр 5 жылға бас бостандығынан айырылғанын айта кетейік.

Тағы оқыңыз: 

Бурабайда мұражайға айналдырмақшы болған жазушының үйінде қаңғыбастар тұрады

35 жастағы қазақ жігіті: Бейтаныс әйел басымды дуалап қаратып алды, енді өз әйеліме баратын бет жоқ

Жан Ахмадиев: Маған сын айтыпты, бірақ Баян кім елді үйрететіндей?

Алматы облысында бір отбасын қырып салған қанішерлер ату жазасына кесілуі мүмкін

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар