35 жастағы қазақ жігіті: Бейтаныс әйел басымды дуалап қаратып алды, енді өз әйеліме баратын бет жоқ

Көріпкел, тәуіп, бақсы жағалап жүріп өзгенің айрандай ұйыған отбасын ойрандай ететіндер көбейді. Шариғатпен тиым салынған сиқырға сеніп, көңілі ауған адамның басын айналдырып, дуалап тастайды.

Қара магияның құрығына түсіп, бақытсыз халге тап болғандар жайлы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Мейрамның үйінде мейрам жоқ. Отбасынан айрылып, шақшадай басы шарадай боп жүр. 35 жастағы жігіт жұмыс бабымен бейтаныс келіншекпен танысқан. Ол Мейрамды дуалап, басын айналдырып алған көрінеді. Тіпті, екі бірдей баласын жұбайына тастап, өзге әйелдің қолына қалай көшіп кеткенін аңғармай да қалған. Алайда жарты жылдан кейін бұл неке де бұзылады. Екі шаңырақпен де дәм тұзы жараспай, бүгінде ол екі оттың ортасында қалғанын айтады.

«Бір күні аяғымды сындырып алып, емшіге барғам, емші маған айтты бір әйел сізді дуалап алған деп айтты. Бірінші әйеліме де бара алмаймын баламмен, баратын бет жоқ. Мына әйелмен тұрғым да келмейді. Не анда жоқ ,не мында жоқ, басым айналып жүр» – дейді Мейрам.

Ал, қара магия қолданушылардың көмегіне жүгінгендердің айтуынша, дуаладың құны 5 мың теңгеден 15 мың АҚШ долларына дейін барады екен. Тіпті ғаламтор арқылы өздерін жарнамалап жатқан балгерлердің қарасы көп. Осыған көз жеткізу үшін олардың біріне қоңырау шалып көрдік. Бірақ дуалаудың нақты бағасын олар бізге айтпай қойды. Себебі оның құны әрбір адамның басындағы мәселесіне байланысты дейді.

Ал, құрбысының кеңесімен балгерге барған Мараттың оған алғыстан басқа айтары жоқ. Отбасының амандығы үшін бәріне де дайынмын дейді. Қандай жолмен болса да қайта қауышқан әйелінен енді айырылмақ емес.

«Жұбайым екеуміз жиі келіспей қалатын болдық. Екі бөлек кетуге тура келді. Бақсыға барып, оқытқаннан кейін, бәрі қалпына келді. Әйелім үйге оралды» – дейді Марат.

Адамды қайтарудың тәсілдері көп. Біреудің отбасын бұзу үшін қара магия, ал өз отбасыңызды сақтап қалғыңыз келсе ақ магия жасатасыз. Осылардың құрығына түскенін сезіп, бойындағы дуаны шештіру үшін бірі психологқа, бірі имамға, енді бірі жаңағы бақсыларға қайта барады.

“Кей балгердің күшінің мықтылығы соншалық басындағы дуаны шеше алмайтын кездер болады. Кей адамдарда мүлде ондай қабілет болмайды. Олар керісінше дуалап кері әсер беруі мүмкін”, – дейді дуа жасаушы Наталья Метлицкая.

Осы мәселемен Натальяға күніне 10-ға жуық адам келеді екен. Бірі әйелінен құтылғысы келмесе, екіншісі өзгенің күйеуін тартып алмақ болып әлек. Десе де, жұрт бұған сенбейді.

«Дуа арқылы махаббат баянды болады дегенге сенбеймін. Махаббатты бұзады дегенге сенбеймін. Ол адамның өзінің ішкі сезімі мен бір біріне деген сенімділігі. Сенім ғой махаббат деген”, – дейді тұрғын.

Ал, психологтар бақсы-балгерлерге ең бірінші өзіне деген сенімділікті жоғалтып алғандар жүгінеді, дейді. Осылайша олар басына түскен проблемаларды жеңілдетеді. Айтуларынша, негізі балгерлер келген адам не естігісі келеді соны айтуға тырысады екен.

«Адамның өз өзіне психикалық ресурстары қалмағандықтан, ол өзінің жауапкершілігін ығыстыра салғысы келеді.  Ол өзіне ішкі адамның жан дүниесі қозғалмаса, қозғалыста болмаса, өз өзімен адам жұмыс істей алмаса, ешнәрсе өзгермейді» – дейді психолог Венера Телжан.

Ал, қара магияның көмегімен біреудің басын айналдыру, ерлі-зайыптылардың арасын ажырастыру тіпті балгерлерге барудың өзі мұсылман қауымына шариғат бойынша күнә саналады, дейді дін өкілдері.

«Дуалауға шариғат тыйым салған. Дуалауды үлкен қылмысқа, күнәға балайды. Кім балгерге баратын болса, және оның айтқанына сенетін болса, иманынан айырылады. Ал егер, барып сенбей, тек барып тыңдайтын болса, ол адам күнә арқалап қайтады» – дейді ҚМДБ уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров.

Дегенмен мұндай тәсілмен жеке мәселелерін шешіп жүргендер де жетерлік. Олар мұның ауыр күнә екенін елемейтін сияқты.

Тағы оқыңыз:

Жан Ахмадиев: Маған сын айтыпты, бірақ Баян кім елді үйрететіндей?

Алматы облысында бір отбасын қырып салған қанішерлер ату жазасына кесілуі мүмкін

Алматы облысындағы интернатта 10 жасар баламен жартылай жалаңаш ұсталған әйел жұмыстан қуылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар