Бурабайда мұражайға айналдырмақшы болған жазушының үйінде қаңғыбастар тұрады

Бурабайда кезінде белгілі жазушы Сәкен Жүнісовке жергілікті билік сыйға тартпақ болған 3 қабатты зәулім үйдің құрылысы аяқталмай, бүгінде тіпті қараусыз қалған. Енді жерлестері бұл ғимарат мұражайға айналуы керек еді деп отыр. Бірақ мұрагерлері де іске жаратпаған жазушының үйі қазір талан-таражға түсіп, ойраны шығып жатыр. Бұл туралы КТК аранасы хабарлады.

Үйді мұражайға айналдыру қаламгердің өзінің де арманы болған екен.
Ғимарат табиғаты тамылжыған Бурабай мен үлкен Шабақты көлін жалғап жатқан Күркіреуік өзенінің бойында орналасқан.

Бұл осыдан 25 жыл бұрын қолға алынған құрылыс екен. Сол кезде облыс басшылары  Бурабай баурайынан жазушыға 3 қабатты коттедж салып бермек болған. Кейіннен уәде берген басшылар ауысып, ақыры үй құрылысы аяқталмай қалыпты. Еңселі ғимарат құрлысын содан кейінгі басшылар да бітірмек болған. Алайда қазіргі қалпы – мынау. Талан-таражға түсіп, терезе, тақтайлары жұлынып, астан-кестеңі шыққан. Ал Сәкен Жүнісов бұл үйді о бастан-ақ жеке меншігі еткісі келмепті. Халық игілігіне жарар мұражай болуын қалаған. Бірақ 72 жасында дүние салған жазушы ол күнге жете алмады.

“Ары-бері өтіп, көріп жүреміз ғой, жүрегім ауырады. Аңғал-саңғал. Енді дәл осылай 3-4 жыл өтсе, түк те қалмайды ғой? Сұмдық қой! Сәкен ағамен біраз жылдар араластық ағалы-інідей болдық. Өзі айтты Сәкен Жүнісовтің мұражайы болғанымен, ол тек Сәкен сері емес, қазақ жазушыларының мұражайы болады деді”, – дейді жазушы Толымбек Әбдірайым.

Кезінде Сәкен сері атанған жазушының арманы әзірге  орындалар емес. Табиғаты жан сүйсінтер Бурабай курортты  аймағының кереметтей сұлу мүйісінде оның мұражайы тұрса, туристерге де мақтанышпен көрсетуге болар ма еді.
“Тарихи мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығында жұмыс істегенде осы сұрақ туындаған еді. Сол кезде шығып, осы обьектінің жағдайын көріп,әкімдікпен кездескенде белгілі болды. Оның қазіргі госактісі бар, бірақ эксплуатацияға тапсырылмаған”, –  дейді Ақмола облыстық тарихи өлкетану мұражайының директоры Қуаныш Шақшақов.

Ғимараттың мемлекеттік актісі Сәкен Жүнісовтың атына жазылған екен. Бірақ әділет бөлімінде тіркелмепті. Жазушының балалары мен туысқандары мұрагер ретінде осы істі жалғастыруы керек еді. Алайда Алматыда тұратын олар ғимаратты осы күнге дейін  не өздері меншіктемеген, не мемлекетке тапсырмаған. Ал қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алатын, артында «Ақан сері», «Аманай мен Заманай» сияқты тамаша туындыларды қалдырған қаламгердің атында бір мұражай керек-ақ дейді Сәкен серінің көзін көрген қаламгерлер.

Тағы оқыңыз:

35 жастағы қазақ жігіті: Бейтаныс әйел басымды дуалап қаратып алды, енді өз әйеліме баратын бет жоқ

Жан Ахмадиев: Маған сын айтыпты, бірақ Баян кім елді үйрететіндей?

Алматы облысында бір отбасын қырып салған қанішерлер ату жазасына кесілуі мүмкін

Алматы облысындағы интернатта 10 жасар баламен жартылай жалаңаш ұсталған әйел жұмыстан қуылды

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
14.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар