Алматыда 23 жастағы қыз жаңбыр суына толған арыққа батып кетті
Оқиға 6-сынан 7-сіне қараған маусым күні түнде Әл-Фараби мен Фурманов көшелерінің қиылысында болған.

“Қатты жауған жаңбыр басылды. Қыз арыққа батып кеткен. Қазір құтқарушылар суды тоқтатуға тырысып көрмек. Бірақ, суды сорып, асфальтты ұрғылағанмен судың тоқтайтын түрі жоқ”, – деп жазады Инстаграмдағы видео авторы.
Ол қыздың арықта 2-3 сағат бойы жатып қалғанын да жазды. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов та аталған оқыс жағдайды растады.
“7 маусым күні Әл-Фараби мен Фурманов көшелері қиылысында Самал-2 ықшамауданында “Алматы-109″ құтқару қызметінің” көмегімен арықтан 1994 жылы туған азаматшаның денесі шығарылды”, – деді Иманқұлов.
Оқи отырыңыз:
Павлодарда ер адам бетон плитасының астында қалып, мерт болды
“Қорғас” шекара бекетіндегі екі жігіт арасындағы төбелес адам өліміне соқтырды (видео)
Алматы билігі Үлкен Алматы көліне апаратын жаяу жүргіншілер жолына 500 миллион теңге жұмсамақ
2023 жылы тамызда жолдың такси қызметі үшін ашылуы қоғамда наразылық туғызды
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды
Қандас: "Азаматтық алуды квотамен тікелей байланыстырмаса екен"