Алматыда 17-ші қабаттан секірген тұрғынның денесі екі бөлініп кеткен
Алматыда жантүршігерлік оқиға. Бүгін көпқабатты үйлердің бірінен 31 жастағы азамат секіріп кетті,-деп хабарлайды ктк арнасы.
17-ші қабаттан құлаған жігіттің денесі төмендегі жақтауға тиіп, екіге бөлініп қалыпты. Мәліметтер қарағанда, марқұм осы үйдің 17-ші қабатынан екі күн бұрын ғана пәтер жалдаған екен. Сондай-ақ, өлер алдында әлдебіреуден кешірім сұрап жазған хаты да табылды. Сондықтан жігіт суицидті алдын ала жоспарлады деген болжам бар. Десе де қазір жұмбақ өлімнің жай-жапсарын тәртіп сақшылары анықтап жатыр.
Талқылау