Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар атыста қаза тапқандардың рухына бағыштап гүл шоқтарын қойды (фото)

Алматыда атыс болған жерлерде қаза тапқандардың рухына бағышталып гүл шоқтары қойылып жатыр.

20160719122811

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Гүл шоқтарын қою шарасы бір мезетте қаланың бірнеше жерінде жүзеге асырылуда.

20160719122815

Дәлірек, Абылай хан даңғылы мен Гоголь көшесі қиылысы маңына адамдар гүл шоқтарын қойюда. Кеше осы жерде қылмыскермен атыс барысында 42 жастағы полиция қызметкері, старшина Аян Ғалиев өлімші болып жараланған болатын. Ол ауруханаға жетпей көз жұмды. Оның артында екі баласы қалды.

20160719122819

Сондай-ақ, Абылай хан даңғылы бойында, Төле би көшесінің төменгі жағында да гүл шоқтары қойылып жатыр. Ол жерде қылмыскерді ұстау барысында 28 жастағы полиция капитаны, аға инспектор Бауыржан Нұрмұханбетов қаза тапқан болатын. Оның артында әйелі мен бір қызы қалды.

20160719122822

Бұдан басқа, ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша Департаменті ғимараты алдына және полиция кіші сержанты Мақсат Сәлімбаев, ҚР ІІМ бұрынғы қызметкері жәнк ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкері Азамат Әзімханов қаза тапқан Әуезов атындағы театры маңына да гүл шоқтарын қою жоспарлануда.

20160719123409

ҚР ІІМ ақпараты бойынша оларға оқ атқан күдікті Қызылорда облысының 27 жастағы тумасы Руслан Куликбаев. Қазір ол Хирургия ғылыми-зерттеу институтынан тергеу абақтысына ауыстырылды.

20160719123819

20160719123802

Бұған дейін хабарланғандай белгісіз ер адам Николь базарында атыс жасаған еді. Атыстан полицейлер ауыр жараланғанын хабарлаған едік. Алматының бірнеше аудандарында атыс дауыстары естілгенін де хабарлаған болатынбыз. Алматыдағы атыстан жараланғандар лек-легімен ауруханаға түсіп жатыр.

Сондай-ақ, қала бойынша террорлық қауіптің қызыл деңгейі жарияланып, тұрғындардың үйлерінен шықпауы қатаң ескертілді. Сәйкесінше, қаладағы ірі сауда орталықтары жұмыстарын тоқтатты.

Соңғы ресми деректер негізінде қаза тапқан тәртіп сақшыларының аты-жөндері жария етілді.

Талқылау