Almaty Towers-те өрттен қаза тапқандар студенттер болып шықты
Алматы полициясы Almaty Towers бизнес-орталығындағы өрттен қаза тапқандардың тұлғаларын анықтады.
“Олардың денелері сағат 11:00-де оқиға орнындағы құрылымдарды бұзу кезінде табылды. Олар – 1994, 1995, 1996 жылы туған Алматыдағы жоғарғы оқу орнында оқитын жас жігіттер”, – деп хабарлады Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Аталған жағдайға байланысты сотқа дейінгі тексеру жалғасып жатыр. Төтенше оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған болатын.
Еске сала кетсек, бизнес-орталықты өрт 6 қараша күні 18:00-ден бастап шарпыған кешкі уақытта шықты. Өрт кезінде жалпы саны 6 адам қайтыс болды. Өрттің шарпыған аумағы 1800 шаршы метрді құрады. Бұған дейін ол жерден тұрғындардың қалай қашып шыққаны туралы да жарияланған болатын.
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген