Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы ұрылардың ісі неліктен сотқа дейін бармайтынын түсіндірді

Брифингте Алматының полиция қызметкерлері қандай адамдардың ұрлыққа көп баратынын және ұрлықшылар неге заң жүзінде қатаң жазаланбайтынын айтып берді.  Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Полицейлердің сөзінше,  заңдағы кейбір өзгешеліктерге байланысты көлік ұрлықшылары жазадан оңай құтылып кетеді екен.

“Егер біз осындай қылмысты жасаған адамды қолымыздағы дәлелмен тұтқындасақ, заңға сәйкес, тергеу жұмыстарын жүргіземіз. Оны айыптап, сосын кепілге алып, босатамыз немесе  кетіп қалмау жөнінде қолхат береміз,” — деді қалалық ІІД бөтеннің мүлкін ұрлауды әшкерелеу бөлімінің басшысы Алексей Стрельцов.

Полицияның ақпараты бойынша, жыл басталғалы бері Алматыда көлік ұрлағаны үшін 165 адам тұтқындалды. Олардың ішінде 39 адам топтасып көлік ұрлағандары үшін айыпталған. 18 адам көлік айналарын ұрлағаны үшін ұсталды.

Талқылау