Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының полицейлері 497 атыс қаруын тәркіледі

Алматы облысының полицейлері осы өңір тұрғындарында заңсыз сақталып жатқан атыс және зақымдағыш қаруларды анықтау және тәркілеу шарасын күшейтті.

49898023199b84a412d19578c7df679ca9365468

Сурет dailynews.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2016 жылдың басынан бастап, жүргізіліп жатқан рейдтер барысында күні бүгінге дейін 497 атыс қаруы тәркіленді. Олардың ішінде 37 қару заңсыз сақталып келген болса, қалғандарының иелері сақтау және қайта тіркеу ережесін бұзған.

Заңсыз сақталған қарулардың ішінде 2 шолақ мылтық, иір ойықты оқпаны бар бір мылтық, 3 зақымдағыш тапанша және оқ-дәрілер бар. Қаруды заңсыз сақтағаны үшін 7 тұлғаға қатысты ҚР ҚК 287-ші бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды.

Ереже бұзушылардың көпшілігіне әкімшілік заңнама бойынша шара қолданылып, ірі көлемде айыппұлдар салынды.

Айта кетелік, өткен жылы тұрғындардан зақымдағыш және газ-зақымдағыш қаруларды сатып алу шарасы барысында Алматы облысының полициясына тұрғындар тарапынан 4 577 зақымдағыш тапанша өткізілген болатын.

Арнайы комиссия олардың бағасын 240 млн. теңгеге бағалады. Бүгінгі таңда өңір тұрғындарына осы сомадан әзірге 187 млн. теңге төленді.

Талқылау