Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы ауылы тұрғындары әкімдеріне іздеу жариялады

Тек көктемгі су тасқынында көрінетін шенділер есептеріне де өздеріне ыңғайлы жұртты шақырып күйдіреді дейді тұрғындар. Сондықтан су, жарық, жол мәселелерін айта алмай қиналады екен.

Халқы түрін ұмытқан округ басшысын біз де көргіміз келіп еді, алайда, шенеунік облыс әкімі Батталовтың ертеңгі жиналысына алдын ала Талдықорғанға кетіпті. Әйтпесе, төмендегі бұқараның базынасын беске біліп отыр, тек жоғарыдағы басшысы маңыздырақ секілді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

“Әкім дегенді көрмейміз де, танымаймыз да”.

“ Мен білмеймін әкімді танымаймын да”, – дейді олар.

Бір емес мына жиналған екпінділіктердің көбі әкімдерінің түрін ұмытқан. Барса таппайды, шақырса келмейді. Тек көктемде су тасып, мазаларын алғанда нөкерлерін жіберетінге ұқсайды. Ал, әшейін күнде шамшырақпен іздесек те алдымыздан ешкім шықпайды дейді. Халықтың жағдайын сұрамағанның кесірі, проблема ауылда шаш етектен. Мысалы…

“Он бес жыл болды қоныстанғанымызға. Әлі бір водопровод су алмадық. бізде қара жерден су ішіп отырмыз. Өзіміз суы жоқ жерден келіп едік. Тұзды ішіп бала шағамызбен майыппыз бәріміз. Бізге бірінші мәселе су келсін”, – дейді тұрғын Зейнеш Шектібаев.

“Төрт жыл светсіз отырдық. 2011 жылдан бері әрқайсымыз ақша жинап 35 мыңнан трансформатор сатып алдық. Мына бағананы ақшидан алдық. 57 жылғы бағанасы бұл”, – дейді тұрғын Қонысбай Есбосынов.

Біреудің ескі бағанасынан тоқ тартып жүргендері аздай, ұрылар да сорлатады жұртты. Ауылдың жетпіс пайыз отбасын әккілер түгел тонап үлгерген. Қорадағы мал таусылған соң, үйдегі техникаға дәнігіп алыпты бұл күні. Полицейге шағымданады. Бірақ он жыл бұрынғы арыздарымыздың өзі әлі көтерілмеген, ашылмаған деп күйінеді.

“Полиция келеді. ГРЭС-тен келеді. Ол екі сағатта келеді. Оған дейін ұры Алматыдан шығып кетеді. Мына жердегі учасковыйға айтсақ, біздің міндет емес. Сонда ол не бітіріп не істеп жүр. Адам білмейді”, – дейді тұрғын Жасан Жақсылықов.

Екпінді Алматыдан Астанаға апарар күре жолда орналасқан. Сол асфальт ауылды екіге қақ жарып тұр. Жолда бірде бір белгі жоқ. Бірақ көлік үздіксіз. Талай баланың өмірі қыршыннан қиылып, талай адам мүгедек болған. Ол да ештеңе емес, Екпіндінің арғы беті Қарасай, бергісі Іле ауданына қарасты. Халық бөлінбегенімен, халыққа қызмет ететіндер бөлініп, бәле болды, дейді.

“Іле жағына келетін скорый Қарасайдың ауруын алмайды. Қарасайға келгендер Іленікін алмайды. Бұл Америка мен Советский союз болып тұрмыз ау шамасы. Егемендік алғанымыз қайсы. Екі республикадамыз. Бір ауыл. Бір жол”, – дейді тұрғын Тәрбия Сапарбаева.

Бір ауылды емес, бүтін бір округті «билеп» отырған әкімдері Екпендіден 12 шақырым жерде отырады. Алыс та емес. Бардық. Тек, халық көрмеген басшыны біз де көре алмадық. Ертеңгі облыс әкімінің есебіне ертерек кетіпті. Он минутын қимаған шенді орынбасарынан сәлемдеме жіберіпті. Бәрі өтірік дейді.

“Халық танымаймыз әкімді дейді.Неге танымайды. Біз поятоянно барамыз. Ол көрмедік деген өтірік әңгіме. Өзім қанша көріп жүрміз ғой. Су көтерілетін кезде көктемде обязательно барамыз”, – дейді Междуреченск ауылдық округі әкімінің орынбасары Батырхан Әділов.

Көктем де жақындады. Әкім келеді деген үмітпен жұрт тағы қалды. Айтпақшы, су тарту жұмысы аудан бюджетіне байланысты деді шенеунік. Жарықты да жөндеуді сол әріптестері шешеді екен. Ал, жолдағы белгілер бар, тек халықтың өзі абайлап жүрмейді, көліктердің жүйіткуіне біз жауапты емеспіз деп ақталды. Ұрыларға қатысты сөзі де әкімдікке айтып ештеңе ұрламайды дегенге саяды. Сонымен, «бөріктілер» мен бұқараның сөзі екіге қақ бөлінді, Екпінді ауылының өзі құсап.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау