Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында қызын тістеп, мұрнын жұлып алған ер адам ұсталды

Алматы облысында үш жасар қызды тістеп жарақаттаған 31 жастағы ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды өңірдегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп Stan.kz.

Сұмдық оқиға 2017 жылы 25 желтоқсанда Талғар ауданында орын алған. Араққа тойып алған өгей әкесі үш жасар қызды тістеп тастап, мұрнын жұлып алған. Бет-аузы ауыр жарақаттанған бала ауруханада екі аптадан астам уақыт емделді.

Аталған оқиғаға қатысты ҚР ҚК 107-бабы бойынша (Адам денсаулығына қасақана орташа зиян келтіру) қылмыстық іс қозғалды. Алайда 12 қаңтарда қылмыстық іс 106-шы бапқа (Адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру) өзгерту енгізілді.

“Үш жасар қызды тістеп тастаған күдіктіге қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.  Ер адамға іздеу жарияланған еді. Ол бүгін таңертең ауданнан шыға беріс жолда ұсталды. Қазір ол Талғар АІІБ-ге жеткізілді”, — деп хабарлады облыстық полиция.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысында белгісіз біреулер бизнесменнің автокөлігін жарып жіберді

Қайрат Нұртас отбасымен қобызшы Ақерке Тәжібаеваны перзентханадан шығарып алды (фото, видео)

Дженнифер Лопес Gucci-ден 1340 долларға сатып алған шұлығын көрсетіп мақтанды (фото)

Танымал әнші Ерлан Көкеев Bek Air әуе компаниясын сотқа бермек

Талқылау