Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында қыздарды жан-жақты тәрбиелеп шығатын “Қыз Жібек” клубы ашылды

Алматы облысының, Панфилов ауданында «Қыз Жібек» атты республикалық клуб ашылды. Клубта жас қыздарды іскерлікке, табысқа жетуге, ұлттың салт-дәстүрін білуге үйретеді.

43cc78d4d2d95e46434db7b0adbd264a

Бұл туралы express-k.kz хабарлайды

Мұнда келушілер қазақ мәдениетінен бөлек психолог пен дәрігерлердің кеңесіне жүгіне алады. Аяғы ауыр болудан сақтану жолдарын, сезімге беріліп ерте жастан жігіттерге алданып қалмау, қиын жағдайда өзіңе қол жұмсамай, одан шығу жолдарын нұсқайды.

«Қыз Жібек қазақ эпосының кейіпкері ғана емес, ол сұлулық пен ақылдылықтың, сенімділік пен батылдықтың үлгісі. Біз осындай қасиеттерді қыздардың бойына сіңіргіміз келеді. Барлық отбасында қызды болашақ ана, жақсы жар ретінде тәрбиелеуге мүмкіндік бола бермейді. Клуб мұғалімдері қыздарды қазақ мәдениеті мен қазіргі заманға сай етіп тәрбиелемек», – дейді клуб жетекшісі Маржан Ақтаева.

32cfe4f775a6dec5f8bae56fb23ea9d4

Қыздарға арналған мектепте психология, эстетикалық тәрбие, мәдениет, стилистика, шешендік және театралды өнер, қолөнер мен музыкалық аспаптарда ойнауды үйрету пәндері оқытылады.

Лариса Штоппель

Талқылау