Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында көп балалы отбасы далада түнеп жүр

Баспанасы жоқ 8 балалы отбасыға ешкім пәтерін бермейді екен. Отбасы қазір басқа біреуге тиесілі шатырды паналап жүр. Аналары болса күн ысып кетсе тал, теректің түбіне қашатын балаларының денсаулығына алаңдайды.

гого

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

“Шынымды айтсам өліп қалғым келеді, балалардың бәрі кішкентай, тек соларды қимаймын”, – дейді ана.

“Әркімнің есігін сағалаудан, жалға пәтер іздеп кім көрінгеннің пәтерін жағалаудан жалыққанда, маған жәудірей қараған балаларыма қарап қамыққанда басыма осындай жаман ой келеді”. Айдалаға шатыр тігіп соның астын паналаған 8 баланың анасы Толқын Нәметқұлова осылай деп мұңайып отыр. Айтуынша, бір жарым айдан бері баласының санын естігенде жиырыла қалатын пәтер бергіштерге де баруын қойған.

Көпбалалы ананың сөзінше күйеуі құрылыста жұмыс істейді екен. Он күнде бір келіп тапқанын тастап кететін көрінеді. Бірақ ол тамағымыздан артылмайды дейді. Бұрын балалар үшін жәрдемақыны пәтер жалдауға жұмсап келген. Кішкентай қызы Аяулымның да арманы баспанамен байланысты.

“Өзімнің үйім болғанын, этаж үйіміздің болғанын қалаймын” дейді ол.

Расында күн ысыған кезде шатырдың асты балаларға ық болмай тұр. Көпбалалы ана аптап ыстыққа шыдамай тал, теректің түбін жағалап кететін балаларының денсаулығына да алаңдап отыр.

Безымянный

“Балалар талдың астын көлеңкелеп кетіп қалады. Мен не істеймін енді, барма деп айта алмаймын. Түнімен кене, құрт шағым ала ма деп қорқып шығамыз”, – дейді ол.

Оңтүстік Қазақстан облысынан көшіп келген көпбалалы отбасы үй, жер кезегіне де тұрған. Бірақ, ол кезектен жақын арада өздерінің қуанышын көре алмай тұр. Сондықтан қайырымды жандардың көмегін күтеді.

Оқи отырыңыз:

Сәтбаевта 5 жасар қызды зорлаған педофилді соққыға жыққан қарауыл қызметінен қуылды (видео)

Египетте 6 қазақстандық студент жоғалып кетті

Талқылау