Алматы облысында қайтыс болған полицейдің отбасы: Ол қару жарақатынан көз жұмған жоқ

Алматы облысында полиция қызметкерінің өліміне қатысты мәліметтер зерттелуде. Марқұмға алдымен оқ жаудырып, сосын пышақпен шабуылдаған. Ер адамдар кафеде отырып бірдеңені бөлісе алмаған. Қақтығыстың арты пышақ салынған төбелеске ұласқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеп.

Алматы облысында қайтыс болған полицейдің отбасы: Ол қару жарақатынан көз жұмған жоқ

Төбелестің нәтижесінде, АІІБ қызметкерінің жақын досы оқиға орнында көз жұмды. Ал майордың өзі екі күннен кейін ауруханада қайтыс болды. Төбелестің салдарынан ауруханада көз жұмған майор Қуаныш Рыспековтың отбасы жалғыз асыраушыларынан айырылып, қайғыдан қан жұтып отыр. Марқұмның артында жұбайы, ата-анасы және кәмелеттік жасқа толмаған үш баласы жетім қалды.

«Біз бәрі жақсы болады деп ойлап, дәрігерлерге үміт артқан едік. Оның жағдайы екі күн бойы қалыпты болды, тіпті сөйлеген болатын. Ота жасалғаннан кейін үшінші күні дәргерлер оның жарақыныңның іріңдеп кеткенін көрді. Олар жарақаттың бетін ғана жуып, оның асты іріңдеп кеткенін көрмеген. Әдеттегідей тамақтанып, сөйлеп жүрген адамды тірідей өлтірді»,-дейді марқұмның анасы Ғалия Байдельдинова.

Гүлмира Рыспекова өткен дүйсенбіде күйеуінің достарымен кездесуге кеткенін есіне алады. Түннің бір уағында оған күйеуінің ауруханаға түскенін хабарлаған. Дәрігерлер оның өміріне алаңдайтындай, ешқайдай қорқыныш жоқ деп, Қуаныштың туыстарын тыныштандырған болатын. Алайда, жарақат алып түскен науқастың жағдайы одан әрі нашарлап, оған бір күн өткен соң ота жасалып, жансақтау бөлімінен бірақ шыққан. Тек жарақатты ашқан кезде ғана полиция майорының қару жарақатынан емес, іріңнің қанға жайылып кетуінен қайтыс болғаны белгілі болды. Туыстарының айтуынша, дәрігерлер марқұмның арқасындағы терең пышақ жарақатын көрмеген.

«Бұл дәрігерлердің салғырттығынан. Біздің медицина науқасты жарымжан қылмай,  керісінше емдеулері керек. Ол өлім бөлімінде, ауыр қылмыстарды тергеумен айналысты. Қылмыскерлерді ұстаумен айналысқан күйеуім, солардың қолынан көз жұмды»,-дейді Қуаныштың жұбайы Гүлмира Рыспекова.

Сол күнгі қанды қақтығыстың барлық алты қатысушысы да шайқас алдында кафеде отырған. Қызметкерлердің айтуы бойынша, кейінірек ер адамдардар арасында кикілжің туып, олар шотты жауып, мекемеден кетіп қалған. Бірақ олар алысқа бармады. Шулы компания көшеге шығып, сол жерде төбелесе кеткен.

«Полиция қызметкері ол уақытта қызметтік міндетте болмаған. Қазір күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сондай-ақ, ылмыс құралы табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта бұл іс ерекше бақылауға алынып, алдын ала тергеу жұмыстары жалғасып жатыр»,-деді Алматы облысы ІІД-нің ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Тағы да оқыңыз:

Павлодарлық оқушы Сербияда өткен математикалық олимпиаданың жеңімпазы атанды

«Алыстағы қытайлық досыма»: 60 жыл бұрын Назарбаевпен хат арқылы дос болған қытай азаматының отбасы табылды (видео)

ОҚО университетінде лаборант болып жұмыс істейтін келіншекті күйеуі пышақтап өлтірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар