Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Алыстағы қытайлық досыма»: 60 жыл бұрын Назарбаевпен хат арқылы дос болған қытай азаматының отбасы табылды (видео)

Қытай журналистері Нұрсұлтан Назарбаевпен 1957 жылы хат жазысып, дос болған қытай азаматының отбасын іздеп тапты.

«Алыстағы қытайлық досыма»: 60 жыл бұрын Назарбаевпен хат арқылы дос болған қытай азаматы туралы ақпарат табылды

Бұдан 60 жыл бұрын елбасымен хат арқылы дос болған Чжоу Бай-сяо оның болашақта Қазақстанның тұңғыш президенті болатынын білмеген. Бұл туралы CGTN арнасы түсірген деректі фильмде хабарланды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Осыдан 60 жыл бұрын 1957 жылдың 5 қарашасында Қытайдың Сыгунь қаласында мұғалім болып жұмыс істейтін жас жігіт Совет одағының орталық комитетіне хат жолдаған. Сол уақытта қытайдың комсомол қатарында болған жас мұғалім хат арқылы совет жастарының арасынан дос іздемекші болған. Қытайлық мұғалімнің жазған хаты төрт айдан кейін Қазақ СССР-нің Қазкелен ауылы Абай атындағы орта мектептің оқушысы Назарбаевтың қолына түскен.

Иә, бұл хат Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолына түскен. Жас Назарбаев сонау Қытайдан келген достық хатқа қуана жауап берген.

«Алыстағы қытайлық досыма»: 60 жыл бұрын Назарбаевпен хат арқылы дос болған қытай азаматы туралы ақпарат табылды

Назарбаевтың «Алыстағы қытайлық досыма» атты хатының тарихы 1958 жылы 16 наурызда жергілікті басылымға жарияланды. Ал 1957 жылы қытай мен қазақ жастарының жазысқан достық хатының мәтіні Қазақстанның тұңғыш президентінің мұражайында сақтаулы.

Бұл мақтан тұтарлық хатты көрген қытай журналистері Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазып, оның алыстағы досын іздеп табу мақсатында бүкіл архивтерді ақтарып, оны суреті бойынша іздеп тапқан. Хат жіберілген мектептің мекен-жайы бойынша Елбасымен хат арқылы дос болған Қытай азаматының отбасы табылып, Назарбаевпен өзара дос болған мектеп мұғалімінің өмірі туралы деректер белгілі болды.

Тағы оқыңыз:

Бағлан Әбдірайымов отандық топпен бірге өз әніне бейнебаян түсірді (видео)

Қызынан жас көрінеді: Аиша анасының суретін жариялап, желіні шулатты (фото)

“Қазақстан” арнасын “Қабатовстан” арнасы деп атай береміз-ау: Рүстем Қайыртайұлы Тұрсынбекті сынға алды

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр