Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

ОҚО университетінде лаборант болып жұмыс істейтін келіншекті күйеуі пышақтап өлтірді

Шымкентте Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу ғимаратында лаборант болып жұмыс істейтін келіншекті күйеуі пышақтап өлтірді. Бұл туралы Облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ер адам ОҚО университетінде лаборант болып жұмыс істейтін әйелін пышақтап өлтірді

Ер адам 11-мамыр күні әйелін іздеп, оның жұмыс орнына келген. Сол арада күйеуі жанжал шығарып,  келіншегіне 5 рет пышақ сұғып алған. Дәл жүрегіне соққы тиген әйелді жедел жәрдем ауруханаға жеткізген. Алайда, ауыр жарақат алған келіншек сол жерде жан тапсырған. Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап, тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті ұсталып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

«Аталған факті бойынша Шымкент қалалық Ішкі істер басқармасына қарасты әл-Фараби полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұгінде әйелін өлтірген күдікті қамауда отыр», – делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыз:

“Қазақстан” арнасын “Қабатовстан” арнасы деп атай береміз-ау: Рүстем Қайыртайұлы Тұрсынбекті сынға алды

Тұрсынбектің әйелінің елдегі қарызы жайлы айтатындай не болды: Журналист ұлттық арнаны сынға алды

Бәрі де әділетсіз: Асанәлі Әшімовтың жары күйеуіне жантебірентер жазба қалдырды

 

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр