Алматы облысында қалталы азаматтар 8 балалы отбасына үй сыйлады

Жұма, 18 Наурыз , 2016 11:35

Алматы облысы, Талғар ауданы, Кеңдала ауылында біреудің сыз үйінде пәтер жалдап тұратын, сегіз ұлы бар отбасының мүшкіл жағдайы жазылған хат қоғамды дүр сілкіндірді. Жариялаған аталмыш хатқа еліміздегі бірқатар ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі қолданушылары үн қосып, интернет бетінде осы отбасының жайы біраз талқыға түсті,-деп хабарлайды Abai.kz порталы.

үй2

Сол-ақ екен Нұртілеудің отбасына көмек қолын созғысы келетін азаматтар көптеп табылып, Нұртілеудің отбасы үйлі болды.

үй3

Енді міне, бір жасар Нұртілеуіміз ел азаматтарына алғыс айтып, тағы да хат жолдапты. Сәби Нұртілеудің хатының сөзін өзгертпестен Алаш жұртына айтқан алғысын жариялауды бізде жөн санадық.

үй5
«Құрметті қазақ халқының жанашыр азаматтары, құрметті Амандық ата! Менің, менің отбасымның Сіздерге деген ризашылығын ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Қатты қуаныштымыз! Өйткені, Сіздердің арқаңызда үйлі болдық. Үйдің кілті, құжаты, міне, қолымызда.
Өткенде Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа осы Abai.kz ақпараттық порталы арқылы үшбу хат жолдаған едім. Сол хатым өзге де ақпараттық сайттарда жарияланып, бірнеше күн әлеуметтік желілерде талқыланды. Менің сәби жүрегімді жарып шыққан жанайқайым біраз жұрттың жанашырлық сезімін оятса керек. Бір-ақ күнде біздің өміріміз өзгеріп сала берді»,-дейді хат авторы.

үй6

«Анамның жанарындағы жас қуаныштан төгілді. Әкемнің қабағындағы мұң әп cәтте сейілді. Бауырларым әне, қолдарына Аbai.kz сайтында жарияланған мақаланы қағазға шығарып алып, “біз ел-жұрттың арқасында үйлі болатын болдық” деп асыр-салып ойнап жүр.
Бізді танитын таныстарымыз, туыстарымыз, көршілеріміз, бәрі-бәрі Сіздерге, ел азаматтарына, Амандық атаға алғыстарын жаудыруда.
Шынымды айтайын, мен түс көріп жатқан сияқтымын. «Бұл оқиғалар өңімде болып жатыр» дегенге әлі сене алар емеспін. Менің, менің отбасымның «өз үйі, өлең төсегі» бар енді. Сыз еден, сызданған қабырға, көк иістен біржола құтылатын болдық»,-делінген хатта.

үй4

«Әкем жалға алатын пәтер іздеп талай есікті тоздырып еді. Пәтерден пәтер ауыстырып жүріп, біз не көрмедік?. Кімнің жәбір сөзін естімедік?. Оның бәрі артта қалды. Ұмытылады, әлі-ақ!
Құрметті оқырман қауым! Мен Сіздерге Өзіміздің үйіміздің суретін көрсетіп мақтанайыншы. Міне, біздің үй. Сіздердің бізге сыйлаған үйлеріңіз… Бірақ, бұл үйдің бұрынғы егелері әлі көшіп үлгермей жатыр. Үйдің ішіндегі жиһаздар сол кісілердікі»,-дейді автор.

үй7
«Әдемі, иә! Енді әке-шешем көмір жағып әуре болмайды. Асханамыз да – кең. Үш жатын бөлмеміз бар. Қонақ бөлмеміз – ат шаптырым. Думан ағам енді мәшинесімен аяқ-қолымды басып кетпейді. Қайсар ағам сабағына кең бөлмеде отырып дайындалатын болады. Мектебіміз үйге тиіп тұр. Мұндай үйде тұрған бала өзін «бақыттымын» деуге толық құқылы. Мен бақыттымын, біз бақыттымыз!»,-деп жаңа баспаналарының суретін көрсеткен.

үй

«Әкем айтады: “Бізге қол ұшын созған азаматтардың жақсылығы Құдайдан қайтсын» деп…
Білесіз, біз шаңырақта – сегіз ұлмыз. Әлеуметтік желілерде «жағдайы жоқ бола тұра, мұнша баланы неге таба берген?» дегендер де болды. Анамның арманы – қызды болу. Ол кісі ылғи да: «Қызым болса, сендер ана сыйлауды, жар сыйлауды үйренер едіңдер» деп отырады. Демек, бізге қарындас керек. Ол қарындасым Құдай қаласа, даңғарадай үйде өмір есігін ашатын болады.
Ал, енді менің бауырларымның Сіздерге деген алғысын қабыл алыңыздар…»,-делінген хатта.

үй1

«Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов арнайы Талғар қаласына барып, Нұртілеудің тілегін орындаған кәсіпкерлер мен атымтай жомарт азаматтарға алғысын айтты. Сондай-ақ, Нұртілеудің хатты қатты әсер еткенін, сол үшін де осы бір қуанышты бөлісу үшін келгенін тілге тиек етті»,-дейді автор.

«Сәлемнен, бір жасқа толмаған Нұртілеу балаларыңыз…»,-деп аяқтйды хат авторы өз сөзін.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

12
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар