Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында әйелді өлтірген қылмыскер 3 ай өтпестен рахымшылыққа іліккен

Алматы облысында жол үстінде адам қағып, жазым еткен жүргізуші арада үшай өтпей жатып рақымшылыққа іліккен.

тр

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Оқиға орнында қайтыс болған Күлдари Әбілқайырованың туыстары тергеу ашық жүргізілмеді, қолымызға қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы ғана берілді деп арнамызға шағымданды. Айтуларынша, жазадан бұлайша босату рақымшылық туралы заңға да қайшы келеді. Облыстық ішкі істер департаменті мұның себебін немен түсіндіреді? Әріптесім Манас Қайыртай жалғастырады.

Талғар ауданы, Панфилов ауылы. 2016 жылдың 16 қазанында алаңсыз жұмысқа бет алған Күлдари Әбілқайырованы жол үстінде көлік қағып, ажал құшады. Қарсы бағытқа өтіп, 65 жастағы кейуананы қаққан көліктің рөлінде 95 жылғы азамат отырған. Ал тергеуші жасаған оқиғаның сызбасы болған жайтпен мүлде сәйкеспейді дейді жәбірленушілер. Оған осы маңдағы дүкен камераларындағы бейнежазбалар дәлел дейді.

“Машинаның артқы сол жақ дөңгелегі міне, мында тұрады. Мына тұста жолдың сызбасы, орта бөлігі. Ал оң жақ дөңгелегі мында тұрады. Орта сызықтан 10-15 см”, – дейді Әбілқайырованың заңды өкілі Алпысбай Әбілқайыров.

Таң атысымен үйден шыққан Күлдари Нұрсапақызы жолдың арғы бөлігіне өтпек болады. Жартысына келген кезде мына бағыттағы екі көліктің өтуін күтеді. Осы мезетте артынан сағатына 90 км жылдамдықпен келе жатқан БМВ көлігі соғып, 25 метрге дейін сүйреп әкеткен. Ал ол уақытта жолдың осы бөлігінде жылдамдық мөлшерін анықтайтын 40 деген белгі болған. Кейін ол белгіні де алып тастайды. Аналарынан айырылып, аңырап қалған отбасы істі тергеудегі күдіктің бәрі оқиға орнында басталғанын айтады.

“Сау адам встрешний жолмен, жол бос, келіп адамды қаға ма? Таңғы сағат 6:22, жолда машина жоқ. Бізді ешқандай да іспен таныстырмастан 28 желтоқсаны күні телефонмен хабарласып, 29-ы күні қолымызға Талғар ауданы прокурорының қолы қойылмаған рақымшылыққа ілінгені туралы қаулы қолымызға берілді”, – дейді Әбілқайырованың қызы Индира Сұлтан.

Жәбірленушілер ссылайша, іс сотқа бармай, көлікпен қағып, кісі өлтірген адам қалай ғана рақымшылыққа ілігіп кетті деп күйінеді. Ал тергеу бөлімінің басшысы рұқсатсыз ештеңе айтпаймын деп бәйек болды.

“Жәбірленуші тараптың өкілі қосымша ұсынған бейнежазба бойынша да сараптамалар жүргізілген. Қазіргі күні аталған факт ІІД анықтау басқармасымен процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды”, – дейді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Айман Мырзабекова.

Жүргізушінің рақымшылыққа іліккенін естіген жәбірленуші тарап бірден прокурорларға шағымданыпты. Күні кеше ғана қолдарына тиген қаулыда Талғар ауданы прокурорлары ол шешімді кері қайтарып, іс ары қарай тексерілсін депті. Марқұмның туыстары жақынымыздан айырған айыпты азамат заңсыз түрде рақымшылық алып, жазадан құтылып кете ме қорқады.


Жіберіп алмаңыз:

Астаналық оқушы мектеп маңында ашық тұрған құдыққа құлап кетті

Венецияда суға батып бара жатқан африкалықты куәгерлер қылжаққа айналдырып, кемсітті (видео)

Ақмола облысының тұрғыны сыныптас қызын өлтіріп, балаларын тірідей өртеп жіберген

ШҚО прокуратурасы қызметкері жолда жылдамдықты шектен тыс арттырып мақтанды (видео)

Талқылау