Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында әкімнің атын жамылып, полицейлерге сес көрсеткен қызметкер жұмысынан қуылды

Қаскелеңде әкімдіктің атын жамылған директор орынбасарының өтірігі ашылды. «Тазалық» мекемесі директорының орынбасары міндетін атқарып жүрген Асқар Берісов есімді азамат әкімдіктенмін деп полияцейлерді алдамашқы болып, жұмысынан қуылды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК-ға сілтеме жасап.

Алматы облысында әкімнің атын жамылып, полицейлерге сес көрсеткен қызметкер жұмысынан қуылды

Қасқалең қаласының тәртіп сақшылары әкімдік деген жазу ілінген газель көлігін құжатсыз айдаған жүргізушіні тоқтатқан еді. Сонда Асқар Берісов полицейлерге ұсталған жүргізушінің бастығымын, бұл мәселені өзім шешемін деп, ақыр соңында өзінің масқарасы шықты.

Полицейлер түнгі рейд кезінде әкімдік деген жазу ілулі болған газельді мемлекеттік нөмірі мен көлік нөмірі сәйкес келмегендіктен тоқтатады. Ал тексеру кезінде жүргізушінің көлікті құжатсыз айдап жүргені белгілі болды. Сондай-ақ, құжатсыз жүрген жүргізуші жалғыз болмады, оның жанында ішімдікке сылқия тойып алған, мас досы болды. Ол өздерін полицейлердің тоқтатқанына ашулы болды ма, әйтеуір Қаскелеңнің әкіміне қоңырау шаламын деп, тәртіп сақшыларына сес көрсете бастады.

Мас болған жас жігіт тіпті, көліктің кілтін бергісі келмей, хабарласамын деген әкіміне қоңырау шалды. Ал, телефонға жауап берген адам тәртіп сақшыларына қалалық әкімдіктен екенін айтып, газельдің қызметтік көлік екенін алға тартты.

Бірақ, әкімдіктен екенін айтып, өзін Асқармын деп таныстырған ер адам сөзінің сенімсіз болғанын түсінді ме кім білсін, бірден көлік тұраққа келді. Ол тәртіп сақшыларына әкімдіктің жұмысымен жүргенін айтып, мәселені басқаша шешуге талпынып еді, онысынан да түк шықпады. Әкімдіктенбіз деген азамат ақыр соңында, жұмысшыларын бір сыбап алды.

Көп кешіктірмей бұл жағдай Қаскелең қаласы әкімінің де құлағына жетеді. Ол бұл жанжалға өзінің де, қызметкерлерінің де еш қатысы жоқ екенін айтты. Бірақ, ол әкімдіктің атын жамылып, жазған сөйлеген адамды да танитын болып шықты.

«Менің де, ол кісінің де аты Асқар. Ол адам біздің қызметкер емес, әлгі жігіттердің де бізге еш қатысы жоқ. Көліктегі «әкімдік» деген жазуды да заңсыз іліп алған. Ол кісінің не себептен әкімдіктенбіз дегенін білмеймін, ол Қаскелең тұрғыны, былай өзін сырттай көріп тұрамыз»,- дейді Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашев.

Әкімдіктенмін деп, жалған сөйлеген азамат шын мәнінде «Тазалық» мекемесінің директорының орынбасары болып қызмет атқарады екен. Бірақ, осы әрекетінен кейін басшысы «мұндайды кешіре алмаймын» деп, әкімдіктің атын жамылған орынбасарын қызметінен босататынын айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр