Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 17 жастағы жасөспірімді өлтіріп кетті

Алматы облысында жеткіншек көз жұмды. Оқиға Қарасай ауданында болды.

Адам өлімі 20 қаңтарда тіркелді. Оқыс оқиға Алматы облысы Қарасай ауданында болды.

Қазіргі уақытта күдікті ретінде жеткіншектің танысы ұсталды. Оқиғаны облыстық полиция департаментінде растады.

“Оқиғаны растаймыз. Қазіргі уақытта тергеу жұмысы жүріп жатыр. Күдікті 2000 жылы туған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, – делінген хабарламада.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау