Алматы метросындағы ұрлыққа қатысты іс бойынша 52 куәгерден жауап алынды

Сәрсенбі, 18 Қараша , 2015 9:59

Алматыда Медеу аудандық сотында «Алматыметроқұрылыс» АҚ-ның бұрынғы бас директоры М.Үкшебаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр.

Фото с сайта http://auto.kz/

Бүгінде аталған іс бойынша 52 куәгерден сұрақ-жауап алынды, деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.
Сотталушылардың қатарында «СредАзЭнергоСервис» ЖШС-нің директоры К.Антипов пен «Алматыметроқұрылыс» АҚ-ның мемлекеттік сатып алудағы құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Е.Қалдыбаев та бар.

Оларға ҚР ҚК 176-бабының 4-бөлігінің «б» тармағымен, 307-бабының 4-бөлігімен, 193-бабының 3-бөлігінің «а,в» тармақтарымен көзделген қылмыс жасады деген айып тағылып отыр.

Яғни, іс материалдарына сәйкес, айыпталушылар алдын ала келісу арқылы 2 503 060 500 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты ұрлаған.

113 томнан тұратын қылмыстық іс 2015 жылдың 13 қазанынан бері сот өндірісінде қаралуда. 2015 жылдың 22 қазанында сот талқылауы басталды. Іске 64 куәгер тартылып отыр.

Казинформ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар