Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы халқы қаза тапқан полицейлерді жер қойнына тапсырды (фото)

Бүгін, шілденің 20-сы Алматы халқы қаладағы қанды оқиға кезінде қаза болған полицейлерді соңғы сапарға шығарып салды. Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өткен қоштасу рәсіміне қала әкімі Бауыржан Байбек пен әріптестері, барша туған-туыстары, белгілі қоғам қайраткерлері келді. Олар полицейлердің ерен ерлігін еске алып, естеліктерін бөлісті. Мұнымен қатар, артында қалған отбасыларына мемлекет тарапынан барлық көмек көрсетілетінін жеткізді.

3E0A8801

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Шілденің 20-сы күні Алматы халқы полиция старшинасы, екінші батальон полицейі Аян Ғалиевпен және ҚР ІІМ бұрынғы қызметкері Ғани Нұримановпен қоштасу рәсімі өтті. Аталған рәсімге марқұмдардың туған-туыстары мен әріптестері, қала әкімі келді. Рәсім басталмас бұрын бір минут үнсіздік жарияланды.

“Батыр балаларымыз ерлікпен қаза тапты. Әрқайсысының артында жұбайлары мен ұл-қыздары, ата-аналары мен қол жетпеген мақсат, орындалмаған армандары қалды. Ұлт батыры Бауыржан Момышұлы заманында “Тәртіпке бағынған ел құл болмайды” деген еді. Бүгін ақтық сапарға аттанып бара жатқан азаматтар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, тұрғындар тыныштығын қорғау жолында, құл болмау, керісінше ел болу жолында мерт болды.

Осында тұрған әрбіріміздің бейбіт ғұмырымыз үшін өздерінің өмірлерін қиып, жандарын пида етті. ІІО қызметкерлерінің әр күні, әр сағаты болжаусыз екенін дәлелдеді. Біз ел тыныштығын қорғау жолында қанды қол қарақшының қолынан қаза тапқан бауырларымыздың әрқайсысының рухына басымызды иіп тағзым етеміз.

0

7

1

3

2

Қазақ болғандардың туыстарына көңіл айтып, қолдау білдірген Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес марқұмдардың отбасылары мен жарақат алғандарға жан-жақты көмек көрсетілуде. Жедел оталар жасалып, қажетті медициналық жәрдем ұйымдастырылды. Қала әкімдігі тарапынан арнайы қаражат бөлінді. Олардың жатқан жерлері жайлы, топырақтары торқа болсын”, – дейді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.

Ары қарай әкім сөзін орыс тілінде жалғастырды.

Қанды оқиға кезінде Аян Ғалиев жас әріптесіне тапсырма беріп, оны өлімнен арашалап қалған екен. Ағасының бұл ерлігін жас әріптесі ешқашан ұмытпайтынын айтты. Көзіне жас алып, сол күні болған оқиғаны еске алды.

6

11

8

10

9

 

“Кезекші бөлімінде Аян аға қылмыскерді жарақаттап, қастарына өзі барды. Мені көмек шақыруға жіберді. Артынша қылмыскерді құлатып, кісендеп тастады. Осылайша Аян аға менің өмірімді аман алып қалды.

Тек менің емес, сол жерде барша қазақстандықтардың өмірін алып қалды десек те болады. Ол кісінің бұл ерлігін ешқашан да ұмытпаймын. Аян мен Ғани ағалардың отбасыларына амандық тілеймін. Жатқан жерлері жайлы, топырақтары торқа болсын”, – дейді жас әріптесі.

14

17

13

12

image

Әріптестерінен кейін сөз кезегі қаза болған полицейлердің туған ағалары Ғалиев Саян Ерболұлы мен Мандаев Еркебай Құнанбайұлына берілді. Олар да өз кезегінде бауырларының орындалмай қалған арман-мақсаттары туралы айтып, көпке дейін көз жасын тия алмай тұрды.

Қоштасу рәсімі аяқталған соң полицейлердің мүрдесін жер қойнына тапсырып, Бауыржан Байбек отбасыларына бетпе-бет көңіл айтты.

16

5

18

4

19

Абай даңғылындағы көлік жүрісі тоқтатылып, қала тұрғындары да полицейлерді ақтық сапарға тік тұрып шығарып салды.


Жіберіп алмаңыз:

ІІД: Алматыдағы арнайы операция аяқталды

Алматы әкімі: Қаза тапқан полицей Аян Ғалиев ұлын 10 жыл бойы күткен

Атыс жасаған террорист не себепті бейбіт тұрғындарға оқ атқанын айтып берді

Желіде Алматыда болған атыстың жаңа бейнекөріністері жарияланды (видео)

Алматының Николь базарында қолына қару ұстаған ер адам атыс жасады (видео)

Талқылау