Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы–Қапшағай жолында үш көлік басып кеткен әйелдің басы жұлынып кетті

Алматы-Қапшағай жолының 20-шақырымында жантүршігерлік жол апаты болды. Көлік қағып, кейін тағы екі көлік басып өткен әйелдің басы жұлынып кетті.

 

Қапшағай трассасындағы жарық тартылмаған қараңғы жолда белгісіз көлік әйелді қағып кеткеннен кейін апат орнынан қашып кеткен. Оқиға куәгерлері жедел жәрдем шақырады, бірақ әйел дәрігерлер келгенше көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik.

Жедел жәрдемді күтіп тұрған уақытта осы жолдың бойымен келе жатқан Toyota Land Cruiser Prado көлігінің жүргізушісі қараңғыда жерде жатқан әйелдің денесін байқамай қалып, оны басып өтеді.

Оның артынан келген Mercedes-Benz W221 көлігі де әйелдің мәйітін көрмей қалып, үстінен жүріп өткен.

Салдарынан үш көліктің астында қалған әйелдің басы жұлынып кетті.

Toyota мен Mercedes жүргізушілері апат орнынан кетіп қалмай, полиция мен дәрігерлерді күткен.

Оқиғаға куә болған ер адамның айтуынша, ол қаза болған әйелдің апатқа дейін жолда қыдырып жүргенін байқаған. Ол ішіп алған секілді көрінген.

Әйелдің құжаттары болмағасын, оның кім екені әзірге анықталған жоқ.

Облыстық полиция жол апатының мән-жайын анықтап, қашып кеткен жүргізушіні іздеп жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Президент бекіткен латын әліпбиі қандай болмақ?

Сейсмологтар: Жаңа жылда Алматыда жер сілкінуі мүмкін

Мұратхан Тоқмәди өлтірген банкир Ержан Тәтішев туралы бес дерек

Талқылау