Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұратхан Тоқмәди өлтірген банкир Ержан Тәтішев туралы бес дерек

Болашағынан көп үміт күттірген қаржыгер, жас акционер болған Ержан Тәтішев кім еді?

Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазады.

1 дерек. Ержан Тәтішев мектепті күміс медалмен бітірген

Ержан Тәтішев 1967 жылы 22 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылында өмірге келген. Көпбалалы отбасынан шыққан. Әкесі Кентау қалалық ауруханасының бас дәрігері, ал анасы орта мектепте физика пәнінің мұғалімі болып істеген. Мектепті күміс медалмен бітірген Тәтішев Мәскеудегі биотехнология институтына түседі.

1991 жылы инженер-технолог мамандығын алып шыққан. Ол сондай-ақ, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын да тәмамдап, дипломды экономист атанады.

2 дерек. Оның кәсібі шағын “Мадина” кәсіпорынына басталған

Ол кәсіпті алғаш “Мадина” деп аталатын шағын кәсіпорыннан бастайды. 1991 жылы ол “Астана-Холдингтің” вице-президенті, ал екі жылдан соң “Казкоммерцбанк” басқарма төрағасының орынбасары болады.

“Ол кезде ТұранӘлем” банкінің Қазақстан банк секторындағы активтері небәрі 7 пайыз ғана болатын. Екі банктің күшейіп кететіне ешкім сенген жоқ. Бірақ 2003 жылы “ТұранӘлем” банкінің активтері 20 пайызға дейін артып, бес жылдық даму стратегиясы қабылданды”, – деп хабарлайды Тәтішев атындағы қор.

3 дерек. Ол ТМД азаматтарының арасынан тұңғыш болып “Во имя России” алтын орденін алған

Ержан Тәтішев ТМД елдерінің ішінде алғаш рет “Во имя России” алтын орденін алған адам.

“Ол халық арасынан шығып, жоғарғы кәсіби деңгейге өз күшімен жетті. Өзінің бай жағдайына қарамастан халыққа деген құрметін жоғалтқан жоқ”, – дейді қор.

4 дерек. Мұратхан Тоқмәди Ержан Тәтішевтің досы болды

Ержан Тәтішев 2004 жылы 19 желтоқсанда 38 жасында қайтыс болды. Бастапқыда оның өлімі аңшылық кезіндегі кездейсоқ жағдайға телінген. Тергеу дерегі бойынша Тоқмәдидің қолындағы қару көлік тез қозғалған кезде атылып кеткен.

Ал жақында ғана Мұратхан Тоқмәди қашқында жүрген банкир Мұхтар Әбілязовтың тапсырысымен Тәтішевті өлтіргенін мойындады. Айтуынша ол 2004 жылы тергеушілерге пара беріп, сатып алған.

5 дерек. Ержан Тәтішевке арнап музыкалық шығарма жазылған

Белгілі саксафоншы және композитор Найджел Хичхок Қазақстанға жасаған сапарынан кейін экономист Ержан Тәтішевке арналған сюита жазды.

Тағы да оқыңыз:

Эксперимент: Күйеуім бар деп алдаған қыз балгердің өтірігін әшкере қылды (фото)

Сейсмологтар: Жаңа жылда Алматыда жер сілкінуі мүмкін

Тұрмысқа жаңа шығып ана атануына екі ай қалған келіншек сәбиімен бірге көз жұмды

Ержан Тәтішевті өлтіруге тапсырысты Әблязовтың бергені расталды

Талқылау