Мұратхан Тоқмәди банкир Ержан Тәтішевті қалай өлтіргенін айтып берді (видео)

2004 жылдың желтоқсан айында “шыны королі” Мұратхан Тоқмәди банкир Ержан Тәтішевпен бірге аңшылыққа шыққан. Алайда бұл сапар трагедиямен аяқталып, соңғысының басына оқ тиіп көз жұмады. Бұл туралы КТК телеарнасы дайындаған деректі фильмде айтылады.

Фильмде Тоқмәди тергеушілерді сатып алғанын және сараптаманы теріс жасатқанын мойындайды.

“Қылмыстық істі Ержан Артықбаев басқаратын ҚР ІІМ тергеу тобына берілді. Мен оны маған айып тақпауға көндіріп, өз жағыма тарттым. Бұл үшін мен Артықбаевқа 20 мың доллар ақша бердім”, – дейді Тоқмәди.

Алғашқы кешенді сот сараптамасы банкирді Тоқмәдидің атқанын растайды. Көптеген сарапшылар да оқтың Тоқмәди отырған артқы жолаушылар орындығы жағынан атылғанын айтады. Бұл ретте сараптама да қарудың оқтаулы дайын күйде тұрғанын дәлелдеп шыққан.

Алайда судья бұл дәлелдемелерді қабылдамай, қайтара сараптама тағайындайды. Ақырында Тоқмәдиге керекті нәтиже шығады.

“Мен сараптама нәтижесіне әсер ету үшін, сарапшылармен кездесіп келісуге тырыстым. Нәтижесінде қару өздігінен атылып кеткен деген нәтиже шығарылды”, – деді Тоқмәди.

Осылайша сот Тәтішевтің өлімін кездейсоқ қайғылы оқиға деп бағалап, бизнесмен Мұратхан Тоқмәди бостандыққа шығады.

Тоқмәди бұл қылмысқа “БТА” банкінің басқарма төрағалығына Тәтішевтен кейін келген Мұхтар Әбілязовтың тапсырыс бергенін айтады. Тоқмәди бұл қылмысы үшін банкирден 4,5 миллион доллар мен жаңа несие желісін алған.

Бұған дейін “Звали его Мурка” деректі фильмінің бірінші бөлімі жарияланған еді.

Естеріңізге салсақ, Мұратхан Тоқмәди 12-ші маусымда түн ортасында өз үйінде тұтқындалған болатын. Кәсіпкердің қолына кісен салуға полициямен қатар, Ұлттық қауіпсіздік комитеті де жұмылдырылған. Жалпы, бизнесменге қылмыстық топ құрып, оған жетекшілік етті деген айыптар да тағылған. Бірақ, ол «Бопсалау», «Заңсыз қару-жарақ сақтау, сату, тасымалдау» сынды ауыр баптармен сотталып отыр. Сот онда да бар-жоғы 3 жыл кескенімен, бизнестегі былықтары үшін мемлекетке бақандай 225 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттепті.

Тағы да оқыңыз:

Павлодарда қайтыс болған 25 жастағы жігіт үш адамды аман алып қалды

Басқа кітап үстімен емін-еркін жүрген мысық мәжбүрлесе де Құранды баспай қойды (видео)

Бердібек Сапарбаев «для галочки» жұмыс істейтін «Жас отанның» жұмысын сынға алды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар