Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласы ІІД-нің бастығы туыстарын жұмысқа орналастырды деп айыпталуда

Алматы қаласы ІІД-нің бастығы қаладағы қылмыстық ахуал туралы есепті деректерді бұрмалағаны және туыстарын қызметке орнастыруға жәрдемдесті деп айыпталды. Серік Күдебаевтың бағыныштылары бұл туралы аноним хатта жазды.

Серік Күдебаев

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Екі бет анонимді шағым бірден Ішкі істер министріне, бас прокурорға және Алматы қаласының әкіміне жіберілді. Онда қалалық Ішкі істер департаментінің қызметкерлері өздерінің басшылары генерал Күдебаевқа бірқатар бұзушылықтар бойынша айып тағып, оның қызметтен босатылуын сұрайды.

«Құрметті басшылар біздің өтінішімізді жауапсыз қалдырмауларыңызды сұраймыз. Аты-жөнімізді жасыру себебіміз, ешқандай тексеру жұмыстары тиісті түрде бақыланбайды. Осылайша, жас мамандар басшылардың  қылмыстық істерді бұрмалау туралы заңсыз бұйрықтарын орындауға мәжбүр болады. Мысалға, өткен жылы ғана Алматы қаласының прокуратурасы Алматы қаласы ішкі істер департаментінің қызметкерлеріне қатысты 50 қылмыстық іс қозғады»,-делінген хабарламада.

Аты-жөндерін жасырған полиция қызметкерлері Ішкі істер департаментінің бастығы қылмыстың анықталуын жасанды түрде дәлелдеп келгенін айтты.

Бұдан басқа хатта Серік Күдебаев өз туыстарын заңсыз жолмен жұмысқа орналастырғаны да хабарланған. Мысалы, Медеу ауданы ІІД-нің бастығы – оның бауырының баласы, Әуезов, Наурызбаев және Алмалы аудандық полиция бөлімшелерінде де сол лауазымда – оның жақын туыстары отыр. Ал Алатау ауданы Ішкі істер басқармасының бірінші орынбасары – аталған бауыры, сондай-ақ Алматы облысы ІІД-нің оң қолы – оның кіндік баласы.

«Шағым анонимді болды. Қазір онда қызметтік тексеру жібердік. Жеке қауіпсіздікті де, қызметкерлерді де толығымен тексереміз»,-дейді Қазақстан Республикасы ІІМ-нің ресми өкілі  Алмас Сәдубаев.

Сонымен қатар, қылмыстық істерді бұрмалап, өз туыстарын қызметке орнастырды деп айыпталған алматылық генералдың өмірбаяны мінсіз. Серік Күдебаев  қоғамдық ортаға шығып сөйлеуді ұнатпайды және даулы жанжалдарда оның есімі аталған емес. Ол туралы 365info порталының журналистері Президенттің кездесуінде болған кездейсоқ ескерту туралы ғана жазған болатын.

Оқи отырыңыз:

Оңтүстік Қазақстан облысында көші-қон қызметі бөлімінің бастығы ұсталды

Назарбаев орыс тіліндегі кейбір сөздердің қазақ тіліндегі аудармасына ұялады

Назарбаев: Швейцарияда қарапайым такси жүргізушісі төрт тіл біледі

Нұрсұлтан Назарбаев: Мен күн сайын латын әліпбиімен жазамын

 

Талқылау