Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы бюджеті 80 миллиард теңгеге көбейді

Алматы қаласының бюджеті 80 миллиард теңгеге өсті. Шенеуніктер қаржының қай бағыттарға бөлінетінін де жоспарлап қойған. Алматыны селден құтқаруға жергілікті билік 2 миллиард теңге жұмсамақ. Бұл ақшаға мамандар толыққанды жөндеу жүргізіп, Қарғалы өзенінің қауіпсіздігін күшейтеді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

avtorazborka.kz-almaty-city

Сурет avtorazborka.kz

Дәл осы сел мәселесі былтырғы жаздың ең күрделі оқиғасына айналған еді. Сол кезде таудан аққан толқынды өзен суы мен лас қалдық, тастар легі бірнеше ауыл мен мегаполистің үш ауданын шайып кеткен. Селдің кесірінен үйлер, көпірлер және электро жүйелері бұзылған. Құтқарушылар қауіпті аймақтан мыңнан астам адамды алып шыққан болатын.

Бірақ, қалалық билік қаржының басым бөлігін халықтың әлеуметтік осал өкілдеріне және медицина мен білім саласына бөлмек. Тағы 111 миллион теңге жаңа аудандардың газдандырылуына жұмсалады. Ал 56 миллиард ақша қолжетімді баспана құрылысына бөлінеді.

“Әрине, артық қорымыз бар. Біз қазір барлық саладағы көлеңкелі экономикамен күресіп жатырмыз. Бұл ақшалардың барлығы қаланың даму бағыттарына және тұрғындардың маңызды мәселелерін шешу жолына жұмсалатын болады”, – деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.

Талқылау