Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алматы Су" директорының орынбасары мен қызылордалық шенеунік ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Алматы Су" директорының орынбасары мен Қызылорда облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысын пара алды деген күдікпен ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

антикор

Видеодан скриншот

Агенттік мәліметінше "Алматы Су" директорының орынбасары жергілікті кәсіпкерден орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және жасалған мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша ақшалай қаражат төлегені үшін 345 миллион теңге көлеміндегі бұрын келісілген сомадан 75 миллион теңге алған.



Ал Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысын жалпы қамқорлығы мен келісімшартты ұзартуға және жер қойнауын өндіру көлемін ұлғайту рұқсатына қол қойғаны үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдік бойынша ұстады.

Күдіктілерге қатысты соттың санкциясымен "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Аталған істер бойынша тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысы бойынша ҚазАвтоЖол директорының орынбасары Дәурен Түлтаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғаны айтылды. 

Талқылау