Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жоғалып кеткен 3 жасар қызды 300 адам іздеп жатыр

17 наурыз күні Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында жоғалып кеткен 3 жастағы қызды іздестіріп жатқанына екі күн болды, бірақ әзірге нәтиже жоқ. Осы уақытта әлеуметтік желілерде түрлі қауесеттер тараған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Алматы облыстық ПД

Қыздың анасы полицияға сол күні кешке хабарласқан. Оның айтуынша, бала сағат 16:00-де үйден шығып кеткен.

Бұл дерек бірден аудандық ішкі істер бөліміне тіркелді. СОБР инспекторлары, кинологтар, ОМПС қызметкерлері мен жедел бөлімшеден арнайы іздестіру тобы құрылды. Қазір арнайы үйретілген иттер арқылы ауқымды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Әкімдіктің хабарлауынша, ауданда да арнайы іздеу тобы құрылып, жоғалған баланы іздеуге жергілікті тұрғындар да қосылған. Барлығы 300-ге жуық адам жұмылдырылған.

Талқылау