Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 3 жасар егіздер мен 9 жасар қызды зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Алматы облысында 3 жасар егіздер мен 9 жасар қызды зорлады деп айыпталған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлімдеді. 

“Бүгін Алматы облысында 3 жасар егіздер мен 9 жасар қызды зорлау фактісіне қатысты іс бойынша соңғы сот отырысы өтті. Ер адам өмір бойына, оның әйелі (3 жасар қыздың әжесі және 9 жасар қыздың анасы) 25 жылға бас бостандығынан айырылды”, – делінген жазбада. 

Сонымен қатар, лауазымды тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беру мәселесі бойынша облыс прокуратурасына қатысты қылмыстық жауаптылықтан жалтару, қызметте немқұрайлылық, әрекетсіздік және т.б. фактілермен қылмыстық іс қозғалған. 

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында 40 жастағы ер адам үш жасар егіз қыздарды зорлады деп күдікке ілінгені туралы жазған едік. Кейіннен егіздердің әпкесінің де зорлық көргені анықталған еді. 

Талқылау