Әли Оқапов: Мектеп кезінде достарым болған жоқ

Сейсенбі, 4 Қазан , 2016 12:35

Әли Оқапов оқушы кезінде жасқаншақ бала болғанын мойындады. Қазақ эстрадасының Примадоннасы Роза Рымбаеваның ұлы болса да, Әли де оқушы кезінде қарапайым жасөсіпірімдер секілді өз-өзіне сенімсіз бала болған екен.

окапов алишка

Оқапов осыдан екі жыл бұрын жарыққа шыққан «Биле» бейнебаяны туралы әңгімеледі. Әнші клиптегі образы бүгінгі Әлиге ұқсамағанымен, шынайы өмірден алынғанын мойындады.

«Мен дәл осы кейіпкердің орнында болдым. Мектеп кезінде достарым болған жоқ, өз-өзімді еркін ұстай алмайтынмын», – деді Оқапов 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында.

Әнші бейнебаян түсірілімі барысында бірнеше рет сырқаттанып қалғанын да жасырмады.

«Түсірілім кезінде денсаулыққа байланысты біраз қиыншылықтар туындады. Десе де бұл клипте актер ретінде көріндім. Өте күлкілі шықты деп ойлаймын», – деп түйіндеді сөзін ол.

Жіберіп алмаңыз: 

Аша мен Арман болашақ сәбилеріне бөлме әзірлеп жатыр (фото)

Ермек Тұрсынов Шэрон Стоунмен бірге би биледі

Мәдина Сәдуақасова жүктілігін жасыруының басты себебін айтты

Төреғали “Алло” әнін жазып берген досына Gelandewagen тарту етті

Қайрат Нұртас семейлік мүмкіндігі шектеулі жігітке костюмін сыйлады (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар