Алғашқы жеке әнін ұсынған Ақбота Сейітмағамбетті халық қабылдай алмады (видео)

Ақбота Сейітмағамбет – бұл есімді дүйім қазақ жұртшылығы біледі. Алайда әйгілі КешYou тобының құрамында ән салса да, жұрт Ақботаны әншілік қырынан тани алмады. Себебі ол Баян Мақсатқызының жобасында небәрі бір-ақ жыл өнер көрсетті, өзін танытып үлгермеді, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Есесіне Ақбота актрисалық қабілетін көрсетті. Өзі де әншілікке қарағанда актрисалық жанына жақын екенін бұған дейін айтқан еді.

Күні кеше Қуандық Рахымның кешінде Ақбота алғашқы жеке әнінің тұсауын кесті. Алайда Ақботаның өнерін тамашалаған жұрт алғашқыда КешYou-дің атышулы әншісін тани алмағандай көрінді. Әлде Сейітмағамбеттің өнерін бағалау үшін халық уақытты қажет етті ме, әйтеуір көпшілік ән соңына дейін үнсіз отырды.

Алайда Ақбота өнер көрсетіп болған соң, көрерменнің қолдау көрсеткенін де айта кетейік.

Сондай-ақ, Сейітмағамбет кешке киіп келген ашық көйлегі үшін сынға ұшырады. Көпшілік жас ананың омыруы ашық көйлек кигеніне ашуланып қалды.

Еске сала кетейік, күні кеше Қуандық Рахым сахнадағы 1 жылдығына орай Республика сарайында ән кешін өткізді. Кешке қонақ болып келген Мақпал Жүнісова сахна төрінде тұрып Төреғалиді кешіруді өтінді.

Материалды көшіріп басу үшін Stan.kz сайтының хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Танымал журналист Төреғалидің тағы бір былығын әшкерелеп, масқаралады (видео)

Айсәуле Бақытбек: Төреғалиді сынап, оған өлең арнау нағыз “колхоздың” ісі

Данэлия Төлешова: Джениффер Лопеспен дуэт айтуды армандаймын

Төреғалидың әкесі отандық продюсерді “атып өлтіремін” деп қорқытқан

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
16.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар