Қуандық Рахым 15 жасында жетім балаға арнап шығарған әнін шырқап, елді жылатты (фото, видео)

Осыдан 1,5 жыл бұрын алғаш рет сахнаға қадам басқан Қуандық Рахым Алматыдағы Республика сарайында жеке ән кешін өткізді. Өнер көшіне жаңадан ілескен Қуандық концерт кезінде қатты қобалжыды, соған қарамастан Алматының аспанын әсем әнмен әуелетті. Алатаудың баурайында өткен ән кешіне Stan.kz тілшісі де қатысып қайтқан еді.

“Қол-аяғым дірілдеп, жүрегім дүрсілдеп үлкен сахнаға алғаш шығуым, ағайын! Бір қошемет көрсетіп, қобалжуымды басып қойыңыздаршы. Осыдан 1,5 жыл бұрын ғана сахнаға шықтым, тез арада мұндай концерт беремін деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмепті. Аллаға сансыз шүкір, сіздерге көп рақмет”, – деп бастады ән кешін Қуандық.

Иә, сахнаға кеше ғана “тәй-тәй” деп қадам басқан жас әншінің алғашқы концертінде ине шаншыр орын болмады. Бұл жалғыз менің емес, жанашыр-қолдаушыларымның еңбегі, продюсерім Жанна Әбуованың арқасы, деп бөлісті Жезқазғанның жас әншісі.

Қуандық өнердегі өзге әріптестері ұқсап 3Д шоу жасаған жоқ. Есесіне бастан-аяқ жанды дауыста ән шырқап, тыңдармандарын қуантты. Бұл кеш эстрада мен дәстүрлі ән өнерін тоғыстырды. Әнші қара домбырасын арқалап, толғау мен жырдан шашу шашты.

“Бірі білсе, бірі білмес. Мен негізі дәстүрлі әншімін, ағайын! Жалпы қошеметті аямай соқсаңыздар, эстрададан қарағанда дәстүрлі әнді көбірек орындайтын боламын”, – деп уәде берді ол.

Сондай-ақ, Қуандық композиторлық өнерімен таңғалдырды. Әнші өз репертуарындағы бірнеше әннің авторы екенін алғаш рет айтты. Солардың бірін Қуандық небәрі 15 жасында жетім балаларға арнап жазыпты.

Концерт барысында Қуандық ақ жаулықты анасы мен әжесіне гүл шоқтарын тарту етті. Сондай-ақ, продюсері Жанна Әбуова мен қазақ елінің серісі Тәуекел Мүсілімнің анасына құрмет көрсетіп, сый жасады.

Қуандықтың кешінде Халық артисі Мақпал Жүнісова өнер көрсетті. Ал кеш иесінің өзі Мөлдір Әуелбекова, Альбина Шардарова, Қарлығаш Биғазықызымен дуэт шырқады. Алайда ол ел күткендей Ақбота Сейітмағамбетпен бірге ән айтқан жоқ.

КешYou-дің экс-әншісі алғашқы жеке әнінің тұсауын дәл осы Қуандықтың кешінде кесті.

Материалды көшіріп басу үшін Stan.kz сайтының хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Мақпал Жүнісова: Төрешті мен үшін кешіріңіздерші, халқым

Төреғалидың әкесі отандық продюсерді “атып өлтіремін” деп қорқытқан

2017 жылы Қазақстан шоу-бизнесіндегі елді шулатқан 7 оқиға

Айсәуле Бақытбек: Төреғалиді сынап, оған өлең арнау нағыз “колхоздың” ісі

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар