Мақпал Жүнісова: Төрешті мен үшін кешіріңіздерші, халқым (видео)

Бейсенбі, 28 Желтоқсан , 2017 9:17

Мақпал Жүнісова өнердегі інісі Төреғалидің жағдайына қатысты алаңдаулы. Әнші жүрген жерінде Төреғалиге кешірім беруді өтінуде. Күні кеше Қуандық Рахымның ән кешіне қатысқан Халық артисі сахна төрінде тұрып, елден Төреғалиді кешіруді сұрады, деп хабарлайды кешке қатысқан Stan.kz тілшісі.

Мақпал Мұхамедиярқызы Қуандықты алғашқы шығармашылық кешімен құттықтай келе, оның болашағының жарқын болуын тіледі. Тіпті, Төреш сияқты сүрініп қалмасын деп лебізін білдірген Мақпал Жүнісова аяғын шалыс басқан әншінің сөзін сөйледі.

“Қуандықтың шығармашылығына табыс тілеймін, жасы ұзақ болсын, болашақта сүрінбей, жақсы жағынан көріне берсін сүрінбей… Сүріну деген аяқ астынан ғой. Біздің Төреш баламыз да аяқ астынан сүрініп кетті. Жалпы жас болғаннан кейін талай қателіктер біздің де басымыздан өткен. Балаларыңызға бір ашуыңызды қиып, мен үшін Төрешті кешіріңіздер, құрметті ағайын. Сағы сынбасын, ерке баламыз ғой. Енді ол қайталанбайды.

Неге мен Төрешті сүрініп қалған кезінде демеп жібере алмаймын? Менің де басымнан өткен, мен де талай сүрінгем, халық кешіреді бізді, енді қайталанбасын дедім, аман болайық”, – деді  Халық әртісі ағынан жарылып.

Материалды көшіріп басу үшін Stan.kz сайтының хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

2017 жылы Қазақстан шоу-бизнесіндегі елді шулатқан 7 оқиға

Қызылордалық жігіт ұжымдық кештерде Ақшақар болудың пайдасы мен табысы туралы ашып айтты (фото)

Төреғалиді жақсы көрмеудің бес себебі

Мемлекеттік атақ алған Абай Бегей әріптестерінің сынына ұшырады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.01.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар