Мемлекеттік атақ алған Абай Бегей әріптестерінің сынына ұшырады

Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар әртістер мемлекеттік марапат пен атаққа ие болды. Бүркіт, Маржан Арапбаева сынды өнер иелері “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” атанды. “Аспанға қараймын” әнімен танылған Абай Бегей де билік назарынан тыс қалмады. Ол “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды.

Алайда әншінің атақ алғанын желі оқырмандарымен қоса, әріптестері де теріс қабылдаған сыңайлы. Себебі өзге әріптестерін құттықтаған шоу-бизнес өкілдері Абай Бегейді ұмыт қалдырған. Мұны әншінің өзі 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында растады.

“Мен ол атақты арнайы сұрап алған жоқпын. Шақырды, бардым. Барғаннан кейін алмай кетіп қала алмайсың. Беріп тұрған соң, аласың. Ешкім құттықтамаған кезде осы атақты бекер алдым ба деп қалдым. Бірақ әдейілеп құттықтамай жатыр деп ойламаймын, мүмкін уақыттары болмай жатқан шығар. Сонда да біреудің алдына түсіп кетсем, айып етпеңіздер деп Instagram арқылы кешірім сұрадым”, – дейді Абай Бегей.

Әнші жұрттың жағымсыз пікір айтатынын да алдын ала біліпті.

“Алған соң шамамен Instagram-да қандай пікірлер жазылатынын білдім. Дәл айтыппын. Желідегілер “Аспанға қараймынды” айтқаны үшін алды ма? Қай еңбегі үшін?” деп жазды”, – деп күрсінді Абай Бегей.

Алайда бірқатар әріптестері Абай Бегейдің мемлекеттік марапатқа әбден лайық екенін айтады.

“Абай ағамыздың “Аспанға қараймынға” дейін де бірталай есті әні бар. Тек жұлдызын жаққан осы ән”, – деген Нұрболат Абдуллин Абай Бегейді жақсы түсінетінін айтты.

Себебі бір кездері Нұрболат та дауыс диапазонын көрсететін, күрделі әндер шырқап, ел көңілін аулауға тырысқан. “Алайда жұрт көңілді, билеуге келетін “Сүйгенің қайда” әнінен кейін мені сұрай бастады”, – дейді Нұрболат.

Жіберіп алмаңыз:

Данэлия Төлешова: Джениффер Лопеспен дуэт айтуды армандаймын

Айсәуле Бақытбек: Төреғалиді сынап, оған өлең арнау нағыз “колхоздың” ісі

Жұрт Ерке Есмаханды жасанды қас, қабақ пен ерін жасатты деп айыптады

Жыл шағаласы кім: Нұртас Адамбай 2017 жылдың қорытындысын жасады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
19.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар