Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең бай адамның дәулеті 89 млрд долларға жетті

Bloomberg агенттігі әлемнің ең бай адамдарының дәстүрлі жыл сайынғы рейтингісін жариялады.

image

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

Биылғы жылы көшбасшылар үштігінен инвестор Уоррен Баффет шығып қалды. Енді Bloomberg нұсқасы бойынша әлемнің ең бай адамдарының рейтингісін Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс бастады. Оның дәулетін сарапшылар 89 миллиард долларға бағалады.

Рейтингідегі екінші орынға Inditex компаниясының негізін қалаушы – кәсіпкер Амансио Ортега шықты. Оның активтері 73 миллиард долларға бағаланып отыр.

Көшбасшылар үштігін Amazon интернет-ретейлердің негізін қалаушы Джефф Безос тұйықтады. Оның дәулеті 60,5 миллиард долларды құрайды. Amazon компаниясы көктемде бірінші тоқсан қорытындысымен сату көлемі 28 пайызға өскені және рекордттық табысқа жеткені туралы есеп берді, ал оның акциясы қыстан бері 54 пайызға қымбаттады.

Соның арқасында Безостың байлығы 5,4 миллиард долларға артты. Бұл американдық олигархтың танымал инвестор Уоррен Баффетті үшінші орыннан төмен жылжытуына мүмкіндік берді.

Ал Баффет басқаратын Berkshire Hathaway компаниясының акциясы 9,4 пайызға қымбаттап, 2,7 миллиард долларға ұлғайды. Алайда Баффет дәулетін қайырымдылық шараларына жұмсап, 2,9 миллиард долларға шығындалды.

Bloomberg Billionaires Index талдамашыларының есептеуінше, оның байлығы Amazon компаниясының табысынан 32 миллион долларға азайды. Сөйтіп, қайырымдылық қызметінің салдарынан ол әлемдегі ең бай адамдар үштігінен кейінге ысырылды.


Жіберіп алмаңыз:

Түрлі қылмыс жасаған ең бай саналатын 11 модель (фото)

Азияның ең бай адамына қазақ шапаны тарту етілді

Қазақстандық әншілер араларынан ең бай әріптестерін өздері таңдады

Қазақстан ең бай мемлекеттер рейтінгінде 50-ші орынды иеленді

Талқылау