Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан ең бай мемлекеттер рейтінгінде 50-ші орынды иеленді

Global Finance Magazine Бүкіләлемдік банк пен ӘВФ ұсынған деректерге сүйеніп әлемнің ең бай мемлекеттерінің тізімін ұсынды.

image

Фото: voxpopuli.kz

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

Әлемнің ең бай мемлекеттерінің тізімі Бүкіләлемдік банк ұсынған ЖҰӨ (Жалпы Ұлттық Өнім) көрсеткіштерінен сараптау арқылы түзілген.

Зерттеушілер мемлекеттердің байлығын анықтау  барысында Жалпы Ұлттық өнім мен ішкі өнім көрсеткіштері, тұрғындардың жұмыспен қамтылуы, сауаттылық деңгейі, орташа өмір сүру ұзақтығы, құнсыздану мөлшері сынды өлшемдер бойынша зерттеу жасаған.

A17-26_9

Әлемнің ең бай мемлекеті Катар болып шықты. Адам басына шаққанда ЖІӨ 146167 долларды құрайды. Ал екінші орындағы Люксембургтің көрсеткіші аталған елге қарағанда әлдеқайда төмен – $94167.

Әлемнің 25 бай мемлекетінің тізіміне 15 батыс елі кірді. Еуропа, АҚШ, Канада, Аустралиядан бар болғаны 12 ел. Мысалы, Ұлыбритания 27-і орынды иеленіп, жиырма бестікке кіре алмаған. Аталған елде әр адамның басына шаққанда ЖІӨ 39 224 долларды құрайды екен. Қазақстанның адам басына шаққандағы ЖІӨ $25,367,27 құраған.

Әлемдегі ең бай 25 мемлекет:

  1. Катар
  2. Люксембург
  3. Сингапур
  4. Бруней
  5. Кувейт
  6. Норвегия
  7. БАӘ
  8. Гонконг
  9. АҚШ
  10. Швейцария
  11. Сауд Арабиясы
  12. Бахрейн
  13. Нидерланды
  14. Ирландия
  15. Аустралия
  16. Аустрия
  17. Швеция
  18. Германия
  19. Тайвань
  20. Канада
  21. Дания
  22. Оман
  23. Исландия
  24. Бельгия
  25. Франция

 

Талқылау