Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азияның ең бай адамына қазақ шапаны тарту етілді

Белгілі қытайлық кәсіпкер, Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы Джек Маға қазақтың ұлттық шапаны тарту етілді.

00b28db8cfb7aacb6df8a63601b99e3f

Суреттер “Қазақтелеком” АҚ

Қытайлық бизнесмен Астанаға келіп, интернет-коммерция өкілдерімен, қазақстандық ЖОО студенттерімен кездесіп электронды коммерцияның дамуы туралы әңгіме өрбіткен еді.

Джек Ма Қазақстанда тамаша мүмкіндіктер, қор бар екенін, алайда электронды коммерция нарығының аз деңгейде дамып жатқанын айтты. Қытайлық бизнесменнің айтуынша, ел Азиядағы электронды сауда орталығы болуы керек.

ff57b7353f1b5d0bb625fd952661ec9f

“Мемлекеттің орасан мүмкіндігі бар. Сіздерде керемет тау-кен өндірісі, мұнай және ауыл шаруашылығы бар. Бірақ, қызмет көрсету жоқ. Яғни, нақты индустриялық қызмет көрсету. 20 жыл бұрын қайта өңдеу саласында арнайы конвейерлер, жақсы машиналар, көп ақша керек болатын. Ал қазір мұның барлығын интернет арқылы оңай атқаруға болады. Қазақстан электронды коммерция үшін тамаша мүмкіндік”, – деді Джек Ма.

photo_185611

Ал “Қазақтелеком” АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев іс-шара соңында Alibaba Group төрағасына қазақтың ұлттық дәстүрі бойынша шапан жауып, құрмет көрсетті. Джек Ма өз кезегінде шақыру үшін үлкен алғыс білдірді.

Джек Ма – қытайлық кәсіпкер, Alibaba Group компаниясының төрағасы әрі негізін салушы. Forbes журналының мұқабасына суреті басылған алғашқы Қытайлық азамат. 2014 жылдағы жағдайы бойынша оның байлығын Bloomberg компаниясы 32,7 миллиард доллар деп бағалаған. Қытайдағы нөмірі бірінші, ал әлем бойынша 18-ші орында тұрған бай. Осы жылдың сәуір айында ол Азия құрлығындағы ең бай адам деп танылды.

Талқылау