Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов туралы не білеміз (фото)

Бейсенбі, 18 Тамыз , 2016 16:17

Көптеген спортшылар өздерінің жеке өмірін жасырып, жетістіктерімен мақтанбауды жөн көреді. Дәл осындай спортшылардың қатарында Данияр Елеусінов те бар. Осыған орай Stan.kz спортшының жеке өмірі мен халықаралық жарыстардағы жетістіктері туралы мәліметтерді ұсынуды жөн көріп отыр.

13732367_643122172509781_429176936_n

Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar/?hl=ru

Еліміздегі жұлдыздардың жеке өмірі халықтың назарында жүреді. Олардың инстаграм парақшасы арқылы жұрт күнделікті не киіп, не ішіп жүргендеріне дейін біліп отырады. Тіпті, суреттеріне қарап сүйіктілерімен қарым-қатынасының қалай өрбіп жатқанын да болжап үлгереді. Ал спортшыларымыздың жайы басқа. Олардың көбі дерлік сүйіктілерін жасырып, халық көзінен тасалағысы келеді. Сол жандардың қатарында Данияр Елеусінов те бар. Ол осы уақытқа дейін өзінің үйленгенін, бір жас 2 айлық ұлының бар екенін жасырып келді. Олай болса назарларыңызға Данияр Елеусіновтің жетістіктері мен жеке өмірі туралы мәліметтерді ұсынамыз.

image

00000000

Елеусінов Данияр Маратұлы 1991 жылы 13 наурызда Батыс Қазақстан облысы, Казталовск ауданы, Қайыңды елді мекенінде дүниеге келген.

12230916_1012705742084526_715599753_n

000000000

Ол – қазақстандық әуесқой боксшы, 2013 жылғы әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы, 2010 және 2014 жылдардағы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы, 2016 жылғы Бразиялияда өткен Олимпиада чемпионы, халықаралық деңгейдегі спорт шебері.

00

12930978_1183254298360219_1600607159_n

2006 жылы кадеттер арасында чемпион атанған, Мексикада 2008 жылы өткен жастар арасындағы чемпионаттың финалисі, 2010 жылғы Қазақстан мен Гуанчжоуда өткен Азия ойындарының чемпионы.

00000

0000

2012 жылғы олимпиадалық квалификациялық континенталдық турнир мен ҚР Кубогының жеңімпазы. Аталған жылдағы Лондонда өткен олимпиада ойындарының бас жүлде иегері.

13109037_973414859443853_1543571273_n

000

2013 жылғы 69 кг салмақтағы Азия чемпионы. Мұнымен қатар, 2013 жылдың 26 қазанында кубалық боксшы Ариснойдиса Деспаньені жеңіп, 69 кг салмақтағы әуесқойлар арасында әлем чемпионы атанған болатын.

12407435_1136871472990797_1571728516_n

12356554_1940949382796742_1040316857_n

Осы жекпе-жекте қарсыласын 30-27 есебімен жеңген-ді. Араға екі жыл салып Дохада өткен әлем чемпионатында 69 кг салмақ бойынша күміс жүлдеге ие болған.

0

00000

Данияр Елеусінов осы уақытқа дейін заңды жұбайы мен бір жастан асқан сәбиін жасырып келді. Тіпті, үйленгенін де жұртқа жарияламаған. Десе де, белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы оның қуанышын бөлісіп, сүйінші сұрады. Боксшының тұңғышы ұл бала екен. Жуырда өзі де жартылай жеңісін әйелінің туған күніне арнап, оған деген құрметі мен сүйіспеншілігін жеткізген-ді.

000000000

00000000

Данияр спортпен 9 жасынан бастап айналысқан. Бұл уақытта болашақ чемпионның отбасы Оралда тұрып жатқан болатын. Марат Елеусінов алдымен тұңғышын, кейін Даниярды жаттықтырған.

0000000000000000000

0000000000000000000

2007 жылы Елеусіновтердің отбасы балаларының болашағын ойлап Астана қаласына көшу туралы шешім қабылдайды. Қазір де олар еліміздің бас қаласында тұрып жатыр.

0000000

sk-sport.kz

Боксшы сұхбаттарының бірінде барлық жеңісін анасына арнайтынын айтқан болатын. “Анам әр кез мен шаршы алаңға шыққан сайын қатты қиналады. Жұрт ол әлдеқайда үйренген болар деп ойлайды. Жоқ, ол әлі күнге дейін мен жұдырықтасқан кезде алаңдап, жүйкесі тозып отырады. Балаңның таяқ жеп жатқанын көру оңай емес. Бұрын жарыстарға менімен бірге баратын, қазір тек теледидардан тамашалайды. Анам да әкем секілді менің мансап жолында биікке көтерілгенімді қалайды”, – дейді боксшы.

vesti.kz

13643075_554474048093569_1831289125_n

Боксшының өзі үлгі тұтып, жұдырықтасқандарын сүйіп көретін кумирлері бар екен. Олар – Серік Қонақбаев, Бекзат Саттарханов, Ермахан Ибрагимов, Шугар Рэй Леонард, Мұхаммед Әли, Рой Джонс, Де Ла Хойя.


Жіберіп алмаңыз:

Боксшы Елеусінов үйленген болып шықты

Мейвезер Елеусіновтің бокстасу техникасына тәнті болды (видео)

Жұлдыздар Елеусіновті құттықтап, халықтың қуанышына ортақтасты (фото, видео)

Әкесі: Данияр менің ғана балам емес, халықтың баласы

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар