Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Боксшы Елеусінов үйленген болып шықты

Қазақстан құрамасының танымал боксшысы Данияр Елеусінов үйленген болып шықты. Мұнымен қатар, жұбайы екеуінің жеті айлық сәбилері бар көрінеді.

52

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Данияр Елеусінов әлеуметтік желідегі парақшасына кішкентай балалармен бірге түскен суретін жиі салатын. Алайда бұл жолы боксшының әйелімен және жеті айлық қызымен түскен суретін Ләйлә Сұлтанқызы жариялады.

1

Тележүргізуші “Данияр, “ресми” құттықтауға рұқсат етсең: Кішкентайдың бауы берік болсын (7 айлық екен)”, – деп жазған Ләйлә парақшасында. Мұнымен қатар, Гүлнұр Оразымбетова да “ештен кеш жақсы” деп боксшыны құттықтаған. Өзгелерге қарағанда сырға берік екенін Гүлнұр Оразымбетова “Маған бұл кiшкентай Даниярұлы туралы Чемпион қазан айында айтқан… Бiрақ мен сырға берiк адаммын! Үндемедім… Ендi нақты құттықтауға болады, арнайы. Үлкен Азамат болсын”, – деп жеткізді.

3

Желі қолданушылары Даниярдың үйленгенін де естімегендерін жазып, таңқалуда.

Естеріңізде болса Данияр Елеусінов пен Василий Левиттің халықаралық жарыста алтын алғаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау