Алдағы үш күнде Қазақстанның кей жерлерінде нөсерлі жаңбыр болады

Сәрсенбі, 15 Маусым , 2016 14:07

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның оңтүстігінде нөсер жаңбыр мен батысында аптап ыстық күтіліп отыр, деп хабарлады “Қазгидромет” РМК.

11292859

Сурет newskaz.ru

“Ауа райының өзгеруі республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында байқалады, мұнда оңтүстіктен өте жылы және Батыс Сібірдің солтүстік аудандарынан салқын әрі ылғалды ауа массалары кездеседі. Осындай “кездесу” қуатты түйдек-жаңбырлы бұлттылықтың өрістеуіне жол беріп, сонымен бірге жаңбыр, кей жерлерде, әсіресе таулы аудандарда нөсер жаңбыр күтіледі, бұршақ түсуі және ауа температурасының көптен күтілген төмендеуі ықтимал”, – делінген хабаралама.

Республиканың батысын қоспағанда қалған бөлігінде суық атмосфералық ағындардың әсерімен кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауып, ауа температурасының аздап төмендеуі болжанып отыр. Қазақстанның батыс облыстарына тропикалық ауа райы келіп жетті. Алдағы үш тәулікте мұнда өте ыстық және құрғақ болып, ең жоғары температура 33-41 градусты көрсетеді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар